ДИКТОР: Биыл өткен 6 айында өңірде 249 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Нәтижесінде 346 адам жарақат алып, 44 адам қаза тапты, оның ішінде 6 бала. Облыстық полиция департаменті жол-көлік апаттарын алдын алу үшін қандай шаралар қабылдап жатқаны туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ақпарат берді.

РКС: Жыл басынан бері 184,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде, "дөрекі" санатына 145 мыңнан астамы жатады. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері - шамадан тыс шаршау және жүргізушілердің төмен тәртібі.

СНХ: АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ –ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Cоңғы екі апатқа Қырғызстаннан келген такси жүргізушілері жол берген. Олар Астанаға бара жатқан. Елордаға жетпей, 50 шақырым қалғандар, жүргізуші ұйықтап кеткен. Бір апатта бірден 2 адам қаза тапты. Екіншісінде 4 адам. Осындай жүргізушілерді анықтау үшін біз жедел жәрдем қызметін қолдандық, яғни, түнде барлық транзиттік көліктерді тоқтатып, дәрігерлердің көмегімен олардың денсаулығын тексердік.

РКС: Осы жылы мас күйінде көлік жүргізген 1053 дерек анықталды. 1 мың 709 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 66 адам мас күйінде қайта көлік жүргізгені үшін бас бостандығын айыру орындарына әр түрлі мерзімге сотталды.

СНХ: АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ –ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Қазіргі уақытта біз арнайы құралдарды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, яғни дрондарды қолдануға мәжбүрміз. Барлық апатты-қауіпті учаскелерде 50-ден астам жылдамдық өлшегіштер орнатылды. Себебі бұл техникалық құралдар, яғни автоматты фотофиксация құралдары жүргізушілердің тәртібіне нақты әсер етеді.

РКС: Өңірде автожолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде жылдамдық режимінің бұзылуы себебінен жол көлік оқиғаларын алдын алу үшін 83 автоматты жүйе жұмыс істейді. Жыл басынан бері жол қауіпсіздігі саласында 7 жедел-профилактикалық іс-шара және 2 акция өткізілді. Жазғы маусымда курорттық аймақтарға автомобиль ағынын ескере отырып, қала маңындағы трассаларда, қалалар мен елдімекендерде патрульдік полиция саны артты.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ