Жүргізуші: Зеренді ауданында XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының батыры, биі және елшісі Жайылған батыр Малбақтыұлының есімі ұлықталды. Жиналған ұрпақтары Жайылған батырдың ел тағдырындағы тарихи орны мен жасаған ерліктерінің мәні мен маңызы туралы сөз қозғап, даңқты батырдың рухына ас берді. Іс-шара оның 330 жылдығына орайластырылған.
КСМ: Деректерге сүйенсек, Жайылған батыр шамамен 1694 жылы туған. Ол бала кезінен әскери өнерімен бірге қазақ даласының шешендік өнерімен тапқырлығын бойына сіңіріп өскен. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін Қылды Қарауылдың жауынгерлер жасағын басқарған. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Жайылған батыр үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Даңқты батыр қалмақтармен және жоңғар әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көзге түскен. Жайылған батырдың өмірі Сәмеке-хан, Әбілмәмбет-хан және Абылай-хан қайраткелігімен тығыз байланысты. Ресей империясымен елшілік қарым-қатынаста қызмет еткен.
СНХ: МАРАТ НҰҒЫМАНОВ ЖАЙЫЛҒАН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫ: Заманында ол кісі үлкен елді ойлайтын азамат, батыр болған. Шайқастарда жүрген. Елші, би болған. Батыр бабаларымыздың есімі біздің әрқашан да, әр баламыздың, жігіттердің жадында болу керек. Біз бабаларымыздың төккен қанын, елімізді қорғап қалған күшін. Ерлігін ешқашан ұмытуға тиіс емеспіз.
КСМ: Қазіргі таңда Зеренді және Бурабай аудандарының оннан астам ауылында Жайылған батырдың ұрпақтары тұрады. Ол Үлгіалған, Қарабұлақ, Крупское, Ұялы, Жамбыл, Қараөткел, Қызылегіс, Өркен, Өзен, Қостомар ауылдары. Жайылған батыр ұрпақтарының бастамашы тобы ауқымды ғылыми-зерттеу және іздестіру жұмыстарын атқарып, оның жерленген жері анықталды. «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ғылыми кеңесінің қаулысына сәйкес Қылды Қарауыл Жайылған батыр Малбақтыұлы Қожа Ахмет Ясауи кесеңесі және оның маңында жерленген тұлғалар тізіміне енгізілді.
СНХ: МЕЙРАМБЕК ҚАПАНОВ ЖАЙЫЛҒАН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫ: Жайылған Малбақты ұлы батырдың ұрпағымыз. 12 ұлдан тараған Көкшетау, Ақмола өңірінде 17 ауыл болған, қазір 12 ауыл қалды. Тарап кеткендері бар. Үлкен ағаларымыз-апаларымыз Түркістанға барғанда түңіліп келетін, біздің бабамыздың жатуы жатыр, бірақ аты аталмайды деп. Соны ғылыми зерттеп, дәлелдедік, атын ататтық.
КСМ: Бұл іс-шара Жайылған батырдың атын ұлықтау ғана емес, үлкен тәрбиелік мәні бар жиын. Бірлік, ағайындар арасындағы ынтымақ көрініс тапқан. Жастарға тарихты танытатын, отансүйгіштікті нығайтатын игілікті іс.
СНХ: БЕКСҰЛТАН БАЙМҰТОВ ЖАЙЫЛҒАН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫ: Мұндай іс-шаралар келешек ұрпағымызға, олар біліп жүретін болады. Олар енді зерттейді әлі де. Талай ақиқаттар шығатын болады. Сондықтан олардың білгені келесі ұрпағымызға себеп болады. Өйткені біз көп нәрселерді білмейміз. Осы мінеки жастардың арқасында.
КСМ: Спорттық жарыстар да ұйымдастырылды. Сәйгүліктерді тізгіндеген шабандоздар бәйгеде өзара мықтыны анықтады. Балуандар қазақ күресінде бақтарын сынады. Арқан тарту, қошқар көтеру, қол күрес өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдергелер құнды сыйлықтармен марапатталды. Ал зеренділік өнерпаздар көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынды.
Интершум