ДИКТОР: Облыста 6,5 млн. гектардан астам жайылым бар. Табиғи жем-шөп алқаптарының айтарлықтай агроэкологиялық әлеуетіне қарамастан, өнімділігі мен олардан алынатын жем-шөп сапасы төмендеуде.

РСК: Жем-шөп алқаптарының өнімділігі - 1 гектардан 5 центнер, ал құрғақ дала аймағында 3 центнерден аспайды. Көрсеткіштерді жақсарту мақсатында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы Смағұл Сәдуақасов атындағы Агротехникалық институт ғалымдары ғылыми зерттеулер жүргізуде. Жайылымдардың биоресурстық әлеуетін қалпына келтіру және өнімділігін арттыру мақсатында биоорганикалық препараттар мен тыңайтқыштар тозған жерлеге сіңірілуде.

СНХ: РАШИТ НҰРҒАЗИЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Біз өзіміз дайындаған 3 препарат түрін сынақтан өткіземіз. Ол Бурабай ауданы қарасты Кенесары елдімекеніндегі шаруашылықта өндіріледі. Ал BioMIX және Микрополидок Плюс препараттары әлі де зертеліп, сыналуда. Бұлардың барлығы органикалық тыңайтқыштар. Құрамында өсімдіктердің өсіп, өнуіне қажетті элементтердің барлық түрі бар.

РКС: Бұдан басқа, ғалымдар жануарларды жаз мезгілінде үздіксіз жасыл шөппен қамтамасыз ететін шикізат конвейерін әзірлеуде. Зерттеу жұмыстары Зеренді ауданындағы тыңайған жерлерде, тозған шабындықтарда және шаруа қожалығының жайылымдарында жүргізіледі. Мұнда 1000 гектар аумақта дәнді және жем-шөп дақылдары өсіріледі. Айта кетейік, шикізат конвейерінде көп жылдық шөптер: бидай тектес шөп, жоңышқа және сары тәтті беде сияқты шөптің түрлерін зерттеуге арналған жүйе де қарастырылған.

СНХ: ЕРБАТЫР БЕКҚОЖИН, «ЖАЙСАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл алқапта арпабас пен жоңышқа және бидай тектес шөп өсіреміз. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалымдары тыңайтқыш сеуіп тәжірибе жасайды. Мен олармен тығыз жұмыс істеймін, техника қажет болса қамтамасыз етемін. 2 жыл қатарынан құрғақшылық болып, жауын-шашын аз болды. Ал жайылымның шөбі болса жайғалып тұр. Бұл, ауыл шаруашылығын дамытуда ғалымдардың қосар үлесі зор екендігін білдіреді.

РСК: «Қазақстанның жем-шөп алқаптарында жем-шөп дайындау технологиялары мен тәсілдерін әзірлеу» бағдарламасы 2025-ші жылға дейін іске аспақ. Ғалымдардың айтуынша, ауыл шаруашылығына ғылым жетістіктерін енгізу басым болуы тиіс.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСИН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.