Жүргізуші: Бірінші рет Ақмола облысы олимпиада және паралимпиада ойындарына 6 жолдама алды. Өңір намысын 5 спортшы қорғайды. Олар: Карина Ибрагимова, Андрей Чугай, Давид Дегтярев, Еркін Ғаббасов, Әмір Мұратбеков.

КСМ: Спортшылармен және бапкерлермен кездесуде өңір басшысы оларды халықаралық дәреже жеткен жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда жеңіс тіледі. Облыс әкімі өз сөзінде біздің атлеттерді мақтан тұтатынын, олар облыстың және еліміздің намысын абыроймен қорғайтындарына сенімді екенін атап өтті. Жүздесу соңында спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына қаржылай сертификаттар табысталды. Айта кету керек, Париж Олимпиадасына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Барлық жетістіктеріңіз табандылықтың, ерең еңбектің, қайсарлықтың, мақсатқа жетуге ұмтылудың нәтижесі. Ақмола облысы тұрғындарының атынан сіздерді тағы бір рет құттықтап, сіздерге мықты денсаулық, таусылмас энергия, спорттық биік белестерді бағындыруды тілеймін. Мықты, төзімді болыңыздар! Сәттілік!