ДИКТОР: Ресейдің Якутск қаласында «Азия балалары» ойындары өтті. Осынау байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының сапында күш сынасқан облысымыздың 2 боксшысы медальмен оралды.

РКС: Красный-яр ауылында білікті бапкер Жүсіпбек Бектасовтың қарамағында жаттығатын Бекарыс Әділбай Якутск шаршы алаңында әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Ол қарсыластарынан қаймықпай қазақи мінез танытты.

СНХ: БЕКАРЫС ӘДІЛБАЙ, «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ: Осы жауапты жарыстың алдында Алматыда бокс академиясында кешенді жаттығулар жасадық. Еліміздің ең мықты 50 келі салмақтағы боксшылармен бірге маңдай тер төктім. Соның нәтижесі Якутскте көрінді. Финалға дейін әр мемлекеттен келген бірнеше боксшымен кездестім. Қазақ еліне күміс медаль әкелгеніме қуаныштымын. Әлі де жалықпай жаттығып, тәжіребие жинау керек.

РКС: 60 келі салмақта сынға түскен Ислам Ермұханбет қола медальді қанжығасына салды. Ол барлық күш жігерін сарқа пайдаланды және бапкері Дастан Сахидің ақыл-кеңесін мүлткісіз орындады.

СНХ: ИСЛАМ ЕРМҰХАНБЕТ, «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Жарысқа жанжақты дайындықпен бардық. Әрине бірнеше елден келген боксшы балалардың осалы жоқ. Оларға қарсы тактика қолдана білді. Осы орайда бапкерім Дастан ағайға айтар алғысым шексіз.

СНХ: ДАСТАН САХИ, БАПКЕР: «Азия балалары» ойындары 4 жылда бір өтеді. Оның мәртебесі биік. Ел құрамасының сапында Ақмола облысының 2 баласы бокстасты. Енді олар Азия чемпионатына дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарына шақырылып отыр.

ИНТЕРШУМ:

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Жерлес боксшылар Якутсктен келісімен жаттығу жұмыстарына бел шеше кірісіп кетті.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ