ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев жер үлескерлерімен кездесу өткізді. Жиынға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Жер телімдерін беру, сумен, мал азығымен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Кездесуге облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Рүстем Төкенов қатысып, сұрақтарға жауап берді.

РКС: Ақмола облысында үлескерлер бірқатар күрделі мәселелерге тап болды. Соның бірі – кейбір ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен кооперативтердің әрекеттері. Ұйымдар немқұрайлылық танытады. Дивидендтерді төлеуді кейінге қалдырады немесе төлемақы мүлдем бермейді.

СНХ: НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Бүгін бізде акционерлер мәселесі бойынша кезекті жиын өтіп жатыр. Олардың көпшілігі бірқатар қиындықтар мен кедергілерге тап болады. Көбінесе олар өз жерін ала алмай жүр, мұндай даулар туындаған кезде не істерін, қайда жүгінетіндерін білмейді. Бүгін біз ең тиімді шешімдерді табу үшін бұл туралы егжей-тегжейлі сөйлесетін боламыз.

РКС: Жиналғандар жер мәселесіне, жер телімдерінің дұрыс бөлінбеуіне баса назар аударды. Үлескерлер жалға берудің әділетсіз шарттары мен жерлерін пайдаланғаны үшін төленетін төлемдердің төмендеуіне наразы. Сондай-ақ олар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық нәтижелері туралы ақпарат алмайды. Кейбір үлескерлер кооперативтерден шыға алмайды.

ЛЮФТ: Так как я пайщик, почему я не имею права выйти? Ты имеешь право выйти, но ты не сможешь землю забрать, можешь выйти, но без земли.

СНХ: РҮСТЕМ ТӨКЕНОВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бізде осындай 20 шаруа қожалығы бар. Біз оларды, шығу мәселесі бар және егістік жерлерінен айырылған шаруашылықтар деп шартты түрде бөлеміз. Оның 9-ы шығу бойынша, ал 11-і жерлерінен айырылғандар. Олармен жұмыс жүргізілуде. Заң бойынша шаралар қабылданады.

РКС: Жиынға қатысушылардың пікірінше, бар мәселелерді шешу үшін заңнамалық базаны нығайту, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен кооперативтер қызметінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың белсенділігі қажет. Нұрлан Әуесбаев өз кезегінде бұл мәселе ерекше бақылауда болады деп сендірді. Депутат сонымен қатар проблемалық аймақтарға баруға уәде берді.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.