ДИКТОР: Биыл жидек өте көп. Біздің өңірде бүлдіргенді "жидек" деп атап кеткен ғой. Жауын-шашынның көптігіне байланысты бүгінде еліміздің солтүстік бөлігінде бүлдірген самсап тұр. Сондықтан тұрғындар жидекті жинап алуға кіріскен. Айта кету керек, бүлдіргеннің пісіп жетілу мерзімі ұзақ емес. 15-20 күнде теріп үлгеру қажет.

СТЭНДАП: Соңғы жылдары төңіректе жидек аса көп шықпаған. Биыл жауын–шашынның көптігінен болар кез кезген орман далаға шықсаңыз мол өнімді көресіз.

КСМ: Жидек жинау - тұрғындар арасында кеңінен тараған науқан. Әсіресе, ересектер ертедегі дағдыларын ұмытпақ емес. Ауылдағы ағайын ғана емес, қазіргі қалалықтарда табиғаттың тартуынан тосап жасағанды жөн көреді.

СНХ: АЙНҰР ҚҰДАБАЕВА- ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жауынмен жер көгерер демекші, жауын мол болған жылдары жеміс-жидек те молынан шығып, ерекше шырынды дәмімен әрі көлемімен қуантады. Осындай ризық үшін табиғатқа алғысымыз мол. Нарықта жидек бағасы әдеттегіден жоғары. Балаларымызбен даладан өзіміз теріп аламыз, соның арқасында табиғат аясында таза ауа жұтып демаламыз, қысқа тосап дайындаймыз. Алысқа бармай-ақ қала маңында теруге болады. Сатуға қоятындар әдейі алысқа барып теретін де шығар, бірақ өзімізге ауладағы жидекте жеткілікті.

КСМ: Жидек жинау - жұмыс, күнкөріс. Бүлдіргеннің көптігінен биыл базардағы сауда да аса қызу емес, - дейді саудагерлер. Жидек теріп, сатып напақа тауып жүрген жандар бағаның түсіп қалғанын айтады.

СНХ: КҮЛИЗА ТӨКЕЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Таңертең бала-шағамызбен шығамыз ормандардың ішінде қазір жидек көп, әр жердің бәрінде бар. Күнкөріс үшін соны тереміз. Үйге әкелеміз. Түні бойы соны тазалаймыз, еңбектеніп, таңертең базарға әкеліп сатамыз. Қазір көп болғандықтан оның бағасы түсіп тұр, ешбір өтпейді. Осылай тұрамыз міне, өтсе өтті өтпесе үйге апарып, малға береміз не істейміз басқа ештеңе жоқ. Өзіміз қанша қайнатамыз, қайнатсақ қант қымбат, варенье қайнатуға, сок қайнатуға бәріне. Экономикамыз жетіспейді, сондықтан жүрген адамдармыз ғой. 2 шелегінен тазалағанда 1 шелек шығады. 1 шелегін 4000 қойсақ, тазаланғанын 4000 ға қоямыз. Сонда біздің тазалағанымыз еңбегіміз жай кетіп жатыр деген сөз. Биыл көп жидек, өтпей жатыр. Жылда жоқ болатын, тез өтетін бар болса да.

РКС: Дала бүлдіргенін теру - тұрғындардың адал еңбегі. Біреуі алдын ойлап азық дайындаса, біреуі күн көру мақсатында әрекет жасауға тырысуда.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.