ДИКТОР: Көкшетауда «Alaqan mektep» жүйесін жалпы білім беру ұйымдарында оқушыны анықтаушы ретінде енгізуге байланысты дөңгелек үстел өтті. Жаңа бағдарламаны қолдану азаматтардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Отырыстың бастамашысы - адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сарапшылық кеңес. Шараға қоғамдық ұйымдар, ата-аналар мен ұстаздар, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, білім және медицина саласының қызметкерлері қатысты.

РКС: Дөңгелек үстелдің мақсаты – аймақта " Alaqan " жүйесін енгізуді жан-жақты талқылау. Бағдарлама өткен жылдан бастап пилотты жоба ретінде қолданылып келе жатқан Көкшетау қаласы мектептерінің директорлары өз тәжірибелерімен бөлісті. Мамандардың айтуынша, жүйеге білім ошағына кіре берістегі турникеттер ғана емес, асхана мен кітапхана жүйелері де қосылған. Деректер оқушылардың ата-аналарына және мектеп басшылығына хабарланады.

СНХ: ӘЙГЕРІМ ҚОШАНОВА – ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ IT-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Нақты балалар қандай кітап оқитын, бағдарламаға сәйкес оқып жатыр ма? Қарауға мүмкіндік береді. Ата-анасы бақылау алады. Жаңағы приложение арқылы. Бала кітапханадан кітап алған кезде, «Алақан» қосқан кезде, балаға нақты мерзім беріледі, 2 апта. Міндетті түрде осы мерзімде тапсыру керек. Егер тапсырмайтын болса, ата-анасына сигнал беріледі. Баланста кітап тапсырған жоқ деп. Және ең бастысы – ол қағаз бастылықтан айырламыз. Формуляр деген нәрсенің орнына, автоматты түрде «Алақан» арқылы компьютерде шығады. Жұмысты жеңілдету бір жағынан айтқан.

РКС: Жаңа жүйенің негізгі қызметі - ата-анаға баланың мектеп ғимаратына кіріп-шығу уақыты туралы хабарлау. Жиналғандар бұл балалардың мектептегі және сабақтан тыс уақыттағы қауіпсіздігін жоғарлатуға керектігін атап өтті. Дегенмен, сараптамалық кеңес мүшелері қауіпсіздіктің тағы бір тұсы – алынған деректерді сақтауға қатысты сұрақтар қойды. Білім берудегі жаңа технологиялар орталығының басшысы мектептерде қауіпсіздік сертификатынсыз жүйелер жұмыс істемейді деп сендірді.

СНХ: БАҒДАТ ҚАДЫРОВ , АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сертификатталған мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелердің серверлері ғана пайдаланылады. Онсыз, сервер деректер орталығында орналаспаған болса, ақпаратқа сәйкес сертификат. кепілдік берілмейді. Серверлер Астана және Павлодар қалаларында data- орталықтарында орналасқан.

РКС: Бағдарламаны енгізуге қажетті қаржыландыру да сөз болды. Мектептер оқушылар санына қарай, турникеттерді орнатуды өз бюджетінен қаржы бөледі, - дейді мамандар.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.