Жүргізуші: Ақмола облысында 9 мыңнан аса адам онкологиялық дертке шалдыққан. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 10%-ке көп. Дәрігерлер науқастардың көбеюін медициналық мекемеге кеш қаралып, уақытылы тексерілмеуімен байланыстырады. Қазір өңірде қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды диагностикалық тың әдістер арқылы емдейді.

КСМ: Бақыт Ысмағұлованың бойынан қатерлі ісіктің белгісі ең алғаш 2019 жылы анықталған. Кейін науқастың қорқынышы расталды. Сол уақыттан бастап тұрақты түрде ем қабылдап, аты жаман ауруды жеңіп шығады. Қазір дертінен құлан таза айыққан. Бірақ әлі де дәрігерлердің бақылауында.

СНХ: БАҚЫТ ЫСМАҒҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Әрине, бұл дертті қабылдау өте қиын. Моральдік тұрғыдан, барлық жағынан да. Адамның басына келетін ең бірінші сұрақ: «мен өмір сүрем бе» дейді. Сондықтан да бұл емді қабылдау өте қиын. Сондықтан бұл аурумен айқасу үшін адамның бойында қажырлық болу керек. Қорықпау керек.

КСМ: Қазір облыс орталығындағы онкологиялық ауруханада 1 мыңға жуық науқас ем қабылдап жатыр. Соңғы жылдары дәрігелер тың әдістер мен жаңа технология көмегімен емдеуге көшкен. Қажетті заманауи қондырғылар да сатып алынды. Тек білікті маман тапшы.

СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫ: Дәрігер тапшылығы бар. Әсіресе, осы онколог мамандар жетіспейді. Қазір жас мамандарды тарту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Ал, техникалық базаны жыл сайын жаңартып отырамыз.

КСМ: Осыған байланысты жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыруға баса көңіл бөлініп отыр. Республиканың әр өңірінен мамандар шақыртылып, шеберлік сағаттар ұйымдастырылып жүр.

СНХ: НҰРЛАН БАЛТАБЕКОВ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Біз қызметкерлерді жаңа технологияларға үйретіп және мотивациялық курстар өткіземіз. Бұл осындағы дәрігерлерге үлкен көмек. Жалпы қатерлі ісіктің алғашқы кезеңінде анықтасақ, ол науқас кем дегенде 10-15 жыл өмір сүреді. Дертіне шамамен 300-400 мың теңге жұмсалады. Ал, ауруы асқынған науқасқа 20-30 миллиондай қаржы жұмсалады.

КСМ: Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар үшін қолжетімді мобильді бригадалар да ұйымдастырылған. Былтыр олар 9 мыңға жуық науқастың үйіне барып, медициналық көмек көрсетті. «Нәтижесінде онға жуық адам онкологиялық аурудан емделіп шықты», - дейді мамандар. Алда осындай мобильді топтардың санын арттыру көзделіп отыр.