ДИКТОР: «Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы аясында биыл Целиноград ауданында жалпы 9200 орындық 7 білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. Қабанбай батыр ауылында 1200 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыстың 60 проценті аяқталды. Білім ошағының құрылысымен облыс әкімі Марат Ахметжанов танысты.
РКС: Қабанбай батыр ауылында 1 мыңнан аса оқушы білім алуда. Елді мекендегі мектепте орын тапшылығы бар. Бұл мәселені шешу үшін мұнда жайлы мектеп құрылысы жүруде. Мердігердің айтуынша, білім ошағы жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек.
СНХ: ӘДІЛХАН ӘБІЛДИН, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі таңда барлық құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, мектептің беткейі, ішкі әрлеу жұмыстары жасалуда. Ішкі инженерлік желілер жүргізілуде, сәйкесінше сыртқы желілер мен абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда нысан 60-65 пайызға дайын. Уақытында қаржы бөлінсе, 1 қыркүйекке дейін барлығын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.
РКС: Жобаны мерзімінде аяқтау үшін құрылысшылар 2 ауысымда жұмыс істеп жүр. Айдың соңына дейін сыныптарға парталар қою жоспарлануда. Болашақ оқу орнының педагогикалық ұжымы мен әкімшілік-басқару құрамы жасақталып жатыр. Сондай-ақ ата-аналардың келісімімен оқушылардың тізімі жасалады.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір ауылда 1300-ден аса бала оқитын мектеп бар. Білім ошағы мұндай көп орынға арналмаған. Сондықтан осы жаңа мектепті пайдалануға беріп, бұрыңғы мектептегі оқушылар санын азайтамыз. Бір ауысымда аз ғана оқушыларды сонда қалдыруға болады, ал бұл елді мекендегі оқушыларымыздың негізгі бөлігі жаңа жайлы мектепте оқитын болады деп күтілуде.
РКС: «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын жүзеге асыру ауылдағы білім сапасын айтарлықтай жақсартпақ. Айта кетерлігі, нысан құрылысының жалпы құны 6 млрд. теңге.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.