Жүргізуші: Қосшы қаласында екінші дүниежүзілік соғыстың ардагеріне, көпбалалары аналарға және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға жаңа пәтерлер берілді. Барлығы 20 отбасына баспана кілттері табысталды. Қоныстойын тойлаушылардың қуанышын бөлісуге облыс әкімі Марат Ахметжанов арнайы барды.

КСМ: Леонид Муштаенко Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылында 1993 жылдан бері тұрады. Ол үш баланы қамқорына алған. Астана күні қарсаңында асырып алған екі баласы Владимир Глазков пен Максим Муштаенкоға Қосшы қаласындағы жаңа тұрғын үй кешенінен пәтерлер берілді.

СНХ: ЛЕОНИД МУШТАЕНКО, МАКСИМ МУШТАЕНКОНЫҢ ҚАМҚОРШЫСЫ: Үш жетім баланы асырап отырмын. Бүгін сол балаларға квартира беріп жатыр. Мен өте қуаныштымын. Рахмет біздің правительстваға, жетімдерге көңіл бөліп жатыр.

Интершум:

СНХ: МАКСИМ МУШТАЕНКО, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз өте ұзақ уақыт кезекте тұрдық. Шынымды айтсам, күтпеген жаңалық болды. Таң қалдым. Кеше ғана, осы уақытта пәтер алғанымызды хабарлады. Біреудің ойыны, қалжыны деп те ойлап қалдым. Өте қуаныштымын. Мемлекетке алғысым шексіз.

КСМ: Соңғы жылдары облыста тұрғын үй құрылысына 200 млрд. теңге қаржы салынды. Осылайша, 12 мың ақмолалықтың баспана мәселесі шешілді. Ал Қосшы қала мәртебесін алғаннан бері шаһарда 260 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Баспананың кілті - бұл бақыттың кілті, - дейді дана еліміз. Сондықтан бүгін арнайы бағдарламамен, бұрынғы бағдарлама емес, тендер жасап, құрылыс жасап, бүгін дайын құрылыстан, тауар ретінде таңдап, жан-жақты қарап осындай жайлы болсын деп, келіп жатқан тұрғындар осы үйге келгенде, жиһазын қойып, әрі қарай осы жерде тұра берсін деп, сондай жағдай туғызып отырған іс-шара.

КСМ: Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қосшы қаласында жыл соңына дейін тағы 100 пәтер сатып алу жоспарланған. Бұл көпбалалы отбасылардың, жетімдердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың және өзге де әлеуметтік маңызды санаттағы тұрғындардың баспана сұрағын оң шешуге мүмкіндік бермек.