ДИКТОР: Есіл қаласында биыл 20-шы рет әкелі балалы балуандар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Төлеген және оның ұлы, еркін күрестен еліміздің спорт шебері Мәди Ысқақовтарды еске алуға арналған респубикалық турнир өтті. Оған 300-ге жуық жас балуан қатысып, күш сынасты.

РКС: Қазақстанға белгілі бапкер Қобыланды Шәкіров Есілде өтетін әкелі балалы Ысқақовтар турнирінің еркін күресті дамытудың сара жолы деп баға берді. Осы белдесулерде жеңіске жеткен өрендер, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағына ие болады,-дейді танымал жаттықтырушы.

СНХ: ҚОБЫЛАНДЫ ШӘКІРОВ, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Мен марқұм Төлеген мен оның ұлы Мәдиді жақсы білетін едім. Олар еркін күресті мықтап меңгерген шеберлер. Мәди өмірден ерте озды. алғашқы турнир соны еске алуға арналды. енді міне тағдыр Төлеген досымның рухын асқақтату жолында осы жарысты жалғастырып жатырмыз.

ест.шум

РКС: ОРАЗ ШЫРАҚБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ КҮРЕС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Биылғы турнирдің географиясы өтеауқымды. Ресейдің 4 өңірінен, Қырғыз, Тәжік, Өзбек елдерінен және өзіміздің Қазақстаннан 300-ге жуық жасөспірім балуандар келіп белдесті. 20 жылдың ішінде бұл жарыстан талай Азия, әлем чемпиондары шықты. Және еркін күрестің Ақмола облысында, жалпы Қазақстанда бұқаралық сипат алуына септігін тигізді.

РКС: Осынау байрақты бәсекені спорт жанашыры Талғат Әлжанов ұйымдастырып келеді. Ол Есіл ауданының қалталы азаматтарының басын қосып, турнирдің қаржы қаражатын мойындарына алды. Жарыстың ашылу салтанатында Талғат Серікұлына "Есіл ауданының құрметті азаматы" атағы берілді. Айта кету керек тартысты өткен белдесулер барысында Есіл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 8 шәкірті алтын, 3-уі күміс, 5-уі қола медаль жеңіп алды. Сөйтіп, өз бозкілемінде жерлестерін қуантты. Алда оларды бірнеше жауапты жарыстар күтіп тұр.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ