ДИКТОР: Тұрғын үй кезегі, әлеуметтік қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу және еңбек жағдайы мәселелері тұрғындардың жиі қоятын сауалы. Мәжіліс депутаттары Ақмола облысына сапары барысында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Көкшетау қаласы мен жақын маңдағы аудандардан 20-ға жуық тұрғын сауалдарын жолдады. Олардың арыз-шағымдарын халық қалалаулыраы бақылауға алатындарын жеткізді.
РКС: Баспана кезегін ілгерілету және уақытша тұрғын үй беруге қатысты сауалдар өзекті. Сонымен бірге баспанасын су басқан тұрғындар да халық қалаулыларынан көмек сұрай келген. Қабылдау кезінде олардың мәселелерін шешудің жолдары қарастырылды. Саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамыту тақырыбы Мәжіліс депутаты Айна Мүсірәлімоваға таңсық тақырып емес. Аталған мәселемен облыстық мәслихатта жұмыс істеген кезінен бері айналысып келеді. Тұрғындарды қабылдау кезінде бау-бақша серіктестіктері туралы заң жобасына өзгерістер енгізу ұсынылды.
СНХ: ПЕТР КУЗЬМЕНКО, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БАУ-БАҚША СЕРІКТЕСТІКТЕРІ МЕН САЯЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қала төңірегінде 23 мың жер телімі бөлінген. Оның 13 мыңнан астамы өңделеді. Қалғаны иесіз. Басты мәселе осында жатыр. Екінші мәселе, бау-бақшамен айналысатын серіктестіктерге жұмыс істеу үшін жағдай жасау. Көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Әсіресе, Зеренді тас жолының бойындағы 20 мыңға жуық жер телімі бар жандар үшін өзекті. Коммуналдық ұжымдық меншікті және саяжай тұрғындарының жеке меншігін қорғау мәселесін ұйымдастыру қажет. Электр қуатымен жабдықтау да өзекті мәселе.
РКС: Депутат Юлия Кучинская мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндердің және Красный Яр ауылындағы қазандық құрылысына қаражат бөлуге қатысты мәселелерді қарастырды. Тұрғындарға еліміздің қолданыстағы заңнамасы аясында заңгерлік кеңес беріліп, жазбаша түрде бірнеше арыз-шағым қабылданды.
СНХ: ЮЛИЯ КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Өте жиі туындаған мәселенің шешімін таппай, дал болып жүрген азаматтар аз емес. Оның бірден-бір себебі не заң тұрғысынан қарама-қайшылық бар, немесе ережеде кейбір кедергілер орын алған. Менің ойымша, бұл да үлкен тәжірибе. Парламент Мәжілісінің басты қызметі заңмен етене тығыз жұмыс істеу. Көбінесе, заңнамаға өзгеріс енгізу туралы ұсыныстар түседі. Салалық мәселелесіне қатысты ой бөлісетін адамдар да келеді. Қандай нормалар тиімді, ал қайсы бірі тиімсіз екенін ашық айтып, талқылап беретіндер де бар. Нәтижесінде бұл жиналған ақпараттар заң шығаруда үлкен септігін тигізеді.
СНХ: ДАРХАН ҚАНАФИН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 20-дан астам қала тұрғындарымен және аудан тұрғындары келіп,өздерінің мәселелерін көтерді. Әлеуметтік қорғау және тұрғын үй алу, жер алу, ауыл шаруашылық мәселесі бар. Әр келген азаматқа тиісті заңнамалық тұрғыда жауапртар берілді, түсініктемелер берілді. Кейбір азаматтар өздерінің өтініштерін жазба түрінде қалдырып, келешекте министрлік деңгейде қаралып, оң шешімін табады.
РКС: Халық қалаулысы Наталья Дементьеваға қираған шаруашылықты қалпына келтіру, жеңілдіктер беру және ауылдық жерлерде тұрғын үйді мақсатсыз пайдалануға қатысты сұрақтар қойылды. Тұрғындар проблемаларды шешу үшін қандай органдарға жүгіну керектігі туралы ауызша түсініктеме алды. Атап айтқанда, жол учаскесін жөндеу мәселесі оң шешімін тапты. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, жолға тас себу жұмыстары жылдың соңына дейін шешіледі.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.