ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Жақсы ауданында тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізді. Аймақ басшысы өз сөзінде жүзеге асырылып жатқан жобаларды кеңінен баяндап, өңірді дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды. Онда тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа мәселелер көтерілді.

РКС: Аймақ басшысы облыс тұрғындарымен кездесуінде бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Олар әлеуметтік сала, құрылыс пен инфрақұрылымға қатысты маңызды сұрақтар. Көптеген жобалар уақытында аяқталмайды, сондықтан түзетулер енгізіледі, бұл өз кезегінде күтпеген шығындарға әкеледі. Сол үшін қоғамдық бақылау жасау керек», - деді облыс әкімі.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл арада қадағалау мен тәртіпті күшейту керек. Осы уақытқа дейін бұл 27 пәтерлі тұрғын үйдің бағасы екі есеге қымбаттады. Қай жылы тапсырылуы керек еді? Ол 2022 жылы аяқталуы керек болатын. Оның құны 294 миллион еді, ал қазір түзетулермен 457 миллион теңгеге жетті. Уақытылы жүргізілмеген құрылыс салдары күтпеген шығындарға әкелуде.

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов өңірде астық өңдеу және сақтау жақсы дамыған, мал шаруашылығы өркендеп, сүт және мал өнімдері өңделетін кәсіпорындар бар екенін айтты. Осының барлығы ауданның дамуына оң ықпалын тигізуде. Алайда облыстың жалпы өнеркәсіп өніміне ауданның қосатын үлесі өте төмен. Нәтижеге қол жеткізу керек», - деді облыс әкімі. Қазақстан ауылынан ауданға қатынайтын жол және көпірді жөндеу мәселесі де талқыланды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Облыстық маңызы бар жолдарда биылғы жылы 3 су өткізгіш құбырды жөндеу жоспарлануда. Жақсы-Державинск облыстық тас жолының орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осы орайда аудан әкімдігі мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі барлық жобалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуі керек. Алмагүл Аманжолқызы бақылауға алыңыз.

РКС: Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар тұрғындар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, өңір басшысы азаматтарды жеке қабылдады. Онда мал жаюға арналған жер телімдері, ауыл шаруашылығы жерлері, жер үлесіне қатысты сұрақтар көтерілді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.