ДИКТОР: Астана күні қарсаңында облыс орталығының 20-ға жуық тұрғыны қуанышқа кенелді. Бірнеше жыл баспана кезегінде тұрғандарға Сарыарқа шағын ауданында салынған жаңа үйден пәтер берілді. Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса 19 отбасына жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Баспана тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде беріліп отыр.
СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы Сарыарқа шағын ауданы және орталық көшелерде салынып жатқан тұрғын үйлер өзінің архитектуралық келбетімен ерекше көз тартып, шаһардың ажарын аша түседі. Құрметті жерлестер, Отан отбасынан басталады демекші, отбасыларыңыздың қуанышы еліміздің қуанышы екенін ұмытпаңыздар.
РКС: Нұриза Жақыпованың қызы 2 топтағы мүгедек. Ол 18 жыл үй кезегінде тұрған. Көптен күткен арманы бүгін орындалып, 1 бөлмелі пәтердің иесі атанды.
СНХ: НҰРИЗА ЖАҚЫПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі күні пәтер алып жатқаныма өте қуаныштымын. Бүгін кілтті табыстаған соң, пәтерді көрдік. Енді кішігірім жөндеу жұмыстарын жасап болған соң, көшеміз.
РКС: Баспаналы болғандар көпбалалы және толық емес отбасылар. Әлеуметтік осал топтағы азаматтар да бүгін көптен күткен пәтерінің кілтін алды. Сарыарқа шағын ауданында тұрғын үй құрылысы бұдан да жандана түспек.
САБИНА ЖАМШИТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.