ДИКТОР: Сандықтау ауданындағы «Қанағат» қонақ үй-туристік кешенінің аумағында скаут қозғалысының шатырлы лагері жұмыс істеп тұр. Апталық спартакиадаға өңірдің 4 ауданынан балалар қатысып жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда биыл оқушылардың дайындығы біршама жақсарған. Шатырлы лагерьдің жұмысымен танысып қайтқан тілші баяндасын.

РКС: Оқушылардың басым бөлігі бұл сайысқа жыл сайын қатысады. Лагерьде тамақпен толық қамтамасыз етілген, қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетіледі. Іріктеудің ережесі қатаң. Қатысушының әр қателігі үшін командаға қосымша уақыт қосылады. Балалар үшін бұл сүйікті іс, мұнда демалып, қызықты уақыт өткізу үшін келетіндерін айтуда.

СНХ: ТАМЕРЛАН БАТЫР, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: (ЖАҚСЫ АУДАНЫ): Жақсы ауылынан келген қатысушымын. Осы жарысқа келгеніме өте қуаныштымын. Себебі, жаңа танысу таптым. Маған мында өте ұнайды.

РКС: 40-қа жуық жасөспірім Жақсы, Бурабай, Зеренді және Есіл аудандарының намысын қорғай келген. Әр кезеңде төрешілер сынақтан өту барысын бақылап отырады. Скауттарға ережелер мен қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі. Мұнда олар физикалық, рухани даму кезеңінен өтеді. Ойлау қабілеттері ширай түседі. Балалар бос уақыттарында волейбол ойнайды, кино көріп, би алаңдарында билейді.

СНХ: СВЕТЛАНА ЖМУРКО, ЖАРЫСТЫҢ ТӨРЕШІСІ: Туризмге қатысты жарыс жыл сайын өткізіледі. 3 жыл қатарынан төрелік етіп келемін. Шараның ұйымдастырылуы жақсы ойластырылған. Балалар мұнда демалып қана қоймайды, бір-бірімен тәжірибе алмасады. Достар табады. Шымыр болып өсулеріне де септігі мол. Қызықты тапсырмалар беріледі. Әсіресе ағашқа өрмелеу, түрлі кедергілерден өтеміз. Кеше бізде бард әндерінен байқау ұйымдастырылды, көңілді өтті.

РКС: Ұйымдастырушылар жарыс қорытындысы бойынша облыстың құрамасы жасақталатынын айтты. Олар алдағы уақытта республикалық жарыста өңір намысын қорғайды.

ЯНА КРЮЧЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, АҚМОЛА АПТА