ДИКТОР: Жыл басынан бері облыс бойынша өткір ішек инфекциясының 210 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурудың өсімі байқалады. Бүгінгі таңда облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Десе де сақтық шаралары қажет-ақ.

РКС: Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі инфекциялық аурулардың деңгейіне мониторинг жүргізіп отырады. Мамандар әсіресе жаз мезгілінде өткір ішек инфекциясымен ауыратындардың көбейетінін айтады.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Сапасыз азық-түлікті тұтынудан пайда болатынын естен шығармаған жөн. Сүт, көкөніс, жеміс-жидектерді қолданған кезде сақ болу керек. Жеке гигиенаны сақтау да аса маңызды. Азық-түлікті салқында сақтамау да кесірін тигізеді. Бүлінген азық-түдікті тамаққа пайдаланудың соңы ішек инфекциясына әкеліп соқтырады.

РКС: 6 ай ішінде сальмонеллездің 13 жағдайы тіркелді. Оның алтауында 14 жасқа дейінгі балалардың сырқаттанғаны анықталды. Барлық жағдай кездейсоқ орын алған, бір-біріне еш байланысы жоқ.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Сальмонеллез бойынша 3,5 есе төмендегені байқалады. Жыл басынан бері 13 жағдай тіркелді. Былтыр дәл осы кезеңде 46 дерек орын алған еді. Негізінен сүт өнімдері мен жұмыртқаны тұтынудың салдарынан ауру тараған. Сонымен бірге жеке гигиенаны сақтамау да сырқаттың өршуіне көп әсер еткен.

РКС: Тамақтан уланудың алдын алу үшін тек мерзімі көрсетілген тағамдарды ғана тұтынған абзал. Және оны ашық күйінде сақтамауға кеңес береді мамандар. Шикі жұмыртқаны қолданар алдында сыртын жуғыш ерітінділермен әбден жуып алған дұрыс. Жеке гигиенаны қатаң сақтауды да ескертеді.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ