ДИКТОР: Мәжіліс депутаттары қазір сайлаушыларымен кездесу үшін өңірлерде іссапарда жүр. Ақмола облысынан сайланған халық қалаулылары бірнеше елдімекеннің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ әлеуметтік маңызды нысандарды да аралауда. Бүгін Көкшетаудағы Сарыарқа шағын ауданында салынып жатқан құрылыс нысандарының барысын бақылап қайтты.

РСК: Халық қалаулылары «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралап, кемшін тұстарын бірлесіп шешудің жолдарын қарастыруды мақсат еткен. Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен кездесу барысында көкейтесті мәселелерді тыңдады. Соның бірі білім ошақтарындағы орын тапшылығы. Көкшетау қаласында да бұл мәселе өзекті.

СНХ: НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Сарыарқа ауданында «Қолайлы мектеп» жобасы бойынша жасалып жатқан құрылыс жұмыстарына назар салып отырмыз. Бұл әрине өте орынды, керек. Өйткені бізде осы Васильковский мөлтек ауданында №17 мектеп бар. Бұл мектеп көп балалар барады. 2 ауысымдағы мектеп. Бұл мектеп салынып болғаннан кейін менің ойымша оқушылардың жағдайы жақсарады. 1500 орынға шақталған мектеп болады. Алла жазса ендігі жылы құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Кейін осы мектептің салтанатты ашылуына қатысуға ниеттіміз.

РКС: Мектептептің құрылысы осыдан бір-екі ай бұрын басталған. Қазір бірінші қабаты аяқталған. 9 қабатты ғимараттың құрылыс жұмыстарына 100-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған.

СНХ:МҰХТАР ӘБІЛОВ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Жұмысымыз график бойынша жүріп жатыр. Қазір міне кірпіштің кладкасы жүріп жатыр. Монтаж блоктар, предперекрытие өткіздік. Этаждар көтеріліп жатыр. 2 спортзал, 1 үлкен, 1 кіші спортзал болады. Актовый залдар болады және қалғаны кабинеттер.

РКС: Сарыарқа шағын ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық сауықтыру орталығының құрылысы да жүріп жатыр. Мәжіліс депутаттары жұмыс бекітілген жоспардан ауытқымай, уақытылы қолданысқа беріледі деген үмітте. Әлеуметтік нысандарды аралап болған соң, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мүшелерімен және зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, ортақ мәселелерді талқылады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Биыл Мәжілісте 150-ге жуық заң қаралды. Соның 40-қа жуығы халық қалаулыларының ұсынысына сай жүзеге асырылған. Қоғамдық дертке айналған, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын және лудоманияға қарсы жаңа заң қабылданғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, іссапар барысында қозғалған мәселелер де айтылды.

СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Бурабай ауданында бірнеше объектіде болдым. Өзім қуаныштымын. Өткен жылы үлкен мәселеге айналған Щучинск қаласындағы мәдениет үйінің құрылыс темпы жақсы жүріп жатыр. Қаржылай мәселесі жоқ. Наурызбай батыр ауылындағы су мәселесі биыл 3-ші жыл болады водопровод жайында. Былтыр ауылдың қасында 3 шақырымдай тартылып жатқан. Енді су ауылдың ішіне кіргізілді. Осы жылы бітіру керек.

РСК: Ал, Баянбай ауылы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін мемлекеттен қаражат бөлінгенімен, жергілікті жерге жетпеген. Бұл мәселе ауыл тұрғындарын алаңдатып отыр. Себебі, биыл да тіршілік нәрінсіз қалу қаупі жоғары. Қаржының уақытылы түспеуінен тағы бірқатар ауданда бірнеше нысанның құрылыс жұмысы тоқтап тұр. Ал кейбір мердігер өз қаражаты есебінен жұмысты тоқтатпаған. Мәжіліс депутаттары демалыстан оралған соң бұл мәселелерді республикалық деңгейде көтеретіндерін жеткізді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ