ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша 8-10 сынып оқушыларының арасында облыстық дебаттық турнир ұйымдастырылды. Сайысқа 26 команда қатысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Турнир Дүниежүзілік мектеп форматы бойынша ұйымдастырылды. Дебат қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті. Әр командада 3 спикерден қатысты. Айша Қайрат Қосшы қаласындағы «Дара» бизнес академиясы» мектеп-лицейінің намысын қорғауға келіпті.

СНХ: АЙША ҚАЙРАТ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: (ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ): Турнирге қатысқаныма өте қуаныштымын.Облысқа қатысу ретінде алғашқы тәжірибем.Қаламыздан 9 бала болып келдік.Осы дебат турнирден өте үлкен үміттеріміз бар. Жеңіс бізде деп ойлаймыз.

СНХ: ЖАНСҰЛУ ИМАНТАЙ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: (КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ): Біз бұған дейін қалалық кезеңнен өттік.Қалалық кезең бізге қиын болды, бірақ біз одан жеңіп шыққанымызға қуанамыз.Бізге осы облыстық лигаға 10 тақырыптай берілді.Мен өзім қазақ лигасынанмын.

РКС: Дебатқа қазылық жасаған кәсіби мамандар пікірсайыста келтірілген аргументтердің маңыздылығына ерекше көңіл бөлгендерін жеткізді. Бұл сайыс оқушылардың бойында азаматтық позицияны, іс-әрекеті үшін өзінің және қоғам алдындағы жауапкершілігін дамыту, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуды көздейді.

СНХ: ГҮЛІМ СЕЙІТОВА, «АҚМОЛА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ: Дебатқа 26 команда қатысты. 10 аймақ пен Ақмола облысының 3 қаласынан барлығы 78 оқушы келіп отыр.1 орын алған лигалар Республикалық турнирге жолдама алады.Бұл турнир жыл сайын өтеді.

РКС: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан команда республикалық турнирде облыс намысын қорғайды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.