ДИКТОР: «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде Жарқайың ауданында экологиялық сенбілік өтті. Шара барысында Есіл өзенінің жағасын және халық шомылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Акцияға аудан тұрғындары, еңбек ұжымдары, ұйымдар мен мекемелер қатысты.

РКС: Аудан бойынша тазалық акциясына қатысушылардың жалпы саны 500-ден асады. Осы уақытқа дейін 4 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды. Шараны ұйымдастырушылар Державинск қаласының, сондай-ақ жақын маңдағы ауыл тұрғындары мен ауылдық округ әкімдері.

СНХ: ЖАНАТ МЫҢБАЕВ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСУШЫ: «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгін біз экологиялық сенбілік өткізіп жатырмыз. Есіл өзенінің жағалауын қоқыстан тазартып, сондай-ақ жағажай және жүзу аймақтарын да жинаудамыз. Тазалық акциясына барлықтарызды белсенді қатысуға шақырамыз.

РКС: Экологиялық сенбілікке қатысушылардың пікірінше, «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық жағдайды тікелей жақсартуға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар өскелең ұрпақтың бойына табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін де қалыптастырады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.