ДИКТОР: Атбасар өңірінде қоғамдық бақылау комиссиясы құрылады. Бұл тұрғындардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысуын қамтамасыз етпек. Мұндай тапсырманы облыс әкімі халықпен кезекті кездесуінде берді. Өңір басшысы Марат Ахметжанов өз сөзінде тұрғын үй, ауылшаруашылық, әлеуметтік мәселелерге тоқталып, аудан тұрғындарын қабылдады.

РКС: Атбасар ауданы да биыл су тасқынынан зардап шекті. Тұрғындар алдында сөз сөйлеген облыс әкімі бүгінде қала мен аудандарда су тасқынынан келген зардапты жою жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. Барлық зардап шеккен отбасыларға баспаналарын жөндеу жұмыстарына өтемақы төленген, үйлері қауіпті деп танылған отбасыларға пәтер сатып алынды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Зардап шеккен 172 отбасына үйлерін жөндеуге өтемдер төленді, үйлері апатты деп танылған 38 отбасына біз пәтер алып бердік, осы жерде салтанатты түрде оны табыстадық, біразын куәгер болдыңыздар. 371 зардап шеккендерге біржолғы әлеуметтік төлемдер толығымен төленді.

РКС: Сондай-ақ білім беру, емдеу мекемелерін салу және жөндеу, сумен, жылумен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Осылайша, аудандағы 3 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа 891 миллион теңге бөлінді. Әкім барлық қажетті жұмыстды тамыздың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, жолдардың сапасына да баса назар аударылады.

 СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауданның Екатеринбург - Алматы халықаралық автокөлік дәлізін және облыстық маңызы бар Атбасар-Державинск автожолы аймағындағы орналасқан ішкі және транзиттік жүктердің, жолаушылар тасымалдау үшін үлкен көлем сұрайды. Ағымдағы жылы жол жөндеу үшін 5 жобаларға, жүзеге асыру үшін 1 млрд 600 млн тенге бөлдік. Атбасарда жол жөндеу жұмысы жалғасуда.

РКС: Жиын барысында бірқатар атбасарлық облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Келесі кезекте аймақ басшысы азаматтарды қабылдауын өткізіп, онда тұрғындар өздерінің мәселелері мен ұсыныстарын жеке шешуге мүмкіндік алды. Онда негізінен тұрғын үй мен жерге қатысты мәселелер айтылды. Өңір басшысы жеке қабылдау қорытындысы бойынша тиісті мамандарға өтініштерді бақылауға алуды тапсырды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ