ДИКТОР: Осы аптада «Bolashaq saraiyнда» жазғы мектеп жұмыс істеп жатыр. Түске дейін оған келушілер ғылыми-зияткерлік, медиа және ІТ бағыттар бойынша сабақтарға қатысады. Түстен кейінгі уақыт шығармашылық және спорттық дамуға арналады. Жүзуге үйрету, сурет салу сабақтары өтеді. Кино кеші де ұйымдастырылады. Көкшетауда жазғы демалысын өткізуге келген мектеп оқушылары үшін лагерь тегін.

РКС: Ғылыми-зияткерлік бағытқа қатысушылар алғашқы күні зертханамен танысып, микроскопиялық әдістерді зерттеді. Одан соң оқушылар құнарлы ортаны дайындаумен айналысып, микроскоппен жұмыс істеуді жалғастырды. Микродеңгейдегі нысандардың ерекшеліктері мен құрылымын жан-жақты зерделеді. Ғылыми үрдіс пен құбылыстарды жақсы түсіне бастады. IT бағытта инженерлік мамандыққа даярлауға ерекше назар аударылады.

СНХ: ҚАЖЫМҰҚАН КӘРІМ, IT БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ: Бұл бізде ІТ бағытының бағдарламасы негізгі 5 күнге негізделген. Бұл бағытта бізде инженерлік оқытулар болады. Яғни әр күн жеке бір тақырыптарға бағытталған. Бұл жазғы мектеп 3 жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Бұл бағдарлама америкалық Makerspace Expands амбассадорларымен бірігіп жасалған бағдарлама. Осыған негізделіп біз балаларды осы қаланың мектептерінен жинадық.

РКС: IT бағыт бойынша сабақтарда балалар түрлі заттар жасауды үйренеді. Мысалы азаматтық құрылыс бағытында қолда бар құрылғылардан олар көпір жасап шығарды.

СНХ: СУЛЕЙМАН БАҒДАТ, ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬГЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен осы мектепке ата-анамның айтуымен келдім. Мында өте қызықты. Мында көптеген шаралар өтіп жатыр. Біз бассейнге, волейбол, футбол, концерттер болды. Осы сабақтарда көптеген эксперименттер жасадық. Қазір мысалға келтірсек, бүгін біз заттардан машина істеп жатырмыз. Кеше біз жұмыртқаны 3 этаждан лақтырып бақыладық.

РКС: Медиа бағытқа қатысты алғашқы сабақа оқушылар SMM мен мобилография жөнінде теориялық білім алды. Әлеуметтік желідегі парақшаны сауатты жүргізуді үйреніп, фотостудия жұмысымен танысты. Түрлі салада алған білімдерін осы жұма күні балалар қорғайды. Алған білімдерінің қорытындысы бойынша хакатон байқау өтеді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ