ДИКТОР: Өңірдің демографиясы жыл санап артып келеді. Соңғы 5 айда облыстық перинаталды орталықта 4 мыңнан астам бала дүниеге келді. Соның 36-сы егіздер. Ақмола облысында осы жылы алғаш рет бүгін үшем дүние есігін ашты. Зеренді ауданының 32 жастағы тұрғыны Мақпал Жүнісова көпбалалы ана атанды.

РСК: Бүгін сағат таңғы 10-нан аса жүктіліктің 35-ші аптасында жоспарланған кесір тілігі арқылы қазақ еліне үшем дүниеге келді. Жүнісовтар отбасында дүбірлі қуаныш. Үлкен әулетте алғаш рет үшем дүниеге келіп отыр. Есімдері Гүлнәр, Гаухар және Мирас. Айта кетейік, Мақпал бұған дейін 2 ұл мен 1 қыздың анасы атанып үлгерген. Алтын құрсақты ананың дәрігерлерге айтар алғысы шексіз.

СНХ: МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА, ҮШЕМНІҢ АНАСЫ: Үйде де 3 балам бар. 2 ұлым, 1 қызым. Қазірде 1 ұл, 2 қыз дүниеге келді. 35-ші аптада тудым. Барлық врачтарға, персоналдарға рахмет. Жүкті болған кезімде де жақсы қарады.

РСК: Акушер-гинеколог Ангелина Корнилова Мақпал Жүнісованы жүктіліктің 28-ші аптасынан бастап бақылаған. Кейін операцияның уақыты мен күнін белгілеп жоспарлаған.

СНХ: АНГЕЛИНА КОРНИЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГЫ: Операция штаттық режимде өтті. Сәбилер мен ананың жағдайы қалыпты. 1 сағатқа жуық уақытқа созылған операция ешқандай ауытқусыз, жоспарлағандай жеңіл өтті.

РСК: Дәрігерлер үшемдерді алдымен жансақтау бөлімінде бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасады. Содан кейін барып қана анасының жанына палатаға шығарған.

СНХ: ТАТЬЯНА ШАФИГИНА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕОНАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ: Бірінші ұл бала дүниеге келді. Оның салмағы 2 келі 300 грамм. Үшемнің ішіндегі ірісі және жалғыз ұл. Кейінгілері қыздар. Бірінің салмағы тура 2 келі, ал үшінші сәби сағат 10-нан 20 кеткенде 2 келі 200 грамм салмақпен туды. Қазір олар анасымен бірге палатада жатыр. Біздің қызметкерлер ана мен үшемге қажетті көмек көрсетуде. Айы-күні толмай туған сәбилерге жақсы күтім керек.

РСК: Сәбилердің денсаулығын неантолог дәрігерлер бақылайды. Салмақ қосып, ширағанша олар перинаталдық орталықта болады. Айта кетейік, соңғы 2 жыл қатарынан Ақмола облысында дүниеге үшемдердің келу тенденциясы байқалады. Дәрігерлер мұны жақсылықтың нышанына балап отыр.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ