ДИКТОР: Сандықтау аудандық мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы үйірмесінің филиалдары бірнеше ауыл-аймақта жұмыс істейді. Олар спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, қаржыдан қиындық көрмейді.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Каменка орта мектебінде де аудандық спорт мектебінің шаңғы үйірмесі ашылған.

РКС: Мектеп шаңғышыларының жаттығулары түстен кейін басталады. Бұл кесте білім ошағының педагогика ұжымында бекітілген.

СНХ: АРТЕМ СЕЛИВЁРСТОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Каменка орта мектебінде 40 оқушы шаңғы спортымен тұрақты айналысады. Осы маусымда бірнеше жарысқа қатыстық. Олар аудандық, облыстық деңгейде өтті. Бірнеше шәкіртім жеңімпаз және жүлдегер атанды. Шаңғы спорты материалдық жағынан нығайып келеді. Оған қоса, жергілікті кәсіпкер Алексей Джейранов «газель» автокөлігін сатып алып берді. Сонымен, жарысқа барып тұрамыз. Алғысымыз шексіз.

РКС: Жыл озған сайын ауыл шаңғышылары тәжірибе жинақтап, сан-алуан жарыстарға қатысып жүр. Нәтижелері көңілге қуаныш ұялатады.

СНХ: СЕРГЕЙ СТЕПАСЬ, ШАҢҒЫШЫ: Мен шаңғы спортына өзім келдім. Бірінші сыныптан бастап жаттығып жүрмін. Сан мәрте жүлдегер және жеңімпаз атандым. Бұл әрине маңдай тер төгудің, бапкерім Артем Валериевичтің ақыл-кеңесінің арқасы.

СНХ: ТАТЬЯНА ШЛЫКОВА, ШАҢҒЫШЫ: Бапкерім Артем Валериевич Селеверстовқа алғысым көп. Ол бізді шаңғы тебудің небір тактикасына үйретіп жүр. Соның арқасында жақсы нәтиже көрсетудеміз. Бүгінгі таңда Павлодарда өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындық жасап жатырмыз.

РКС: Каменка орта мектебінің директоры Юлия Радецкая шаңғышы ұл-қыздардың жеңіске жетуімен қатар, сабақ үлгеріміне де ризашылығын білдірді. Оқу мен спортты қатар алып жүру осы емес пе.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ