ДИКТОР: Аударыспақ-қазақтардың көшпелі мәдениетінің тарихымен байланысты ұлттық ойын. Жылқы тек көлік құралы ретінде ғана емес, сонымен бірге шайқаста адал серік ретінде де қызмет етті. Бүгінде аударыспақ өзектілігі мен танымалдылығын жоғалтқан жоқ. Балуан Шолақ атындағы облыстық балалар мен жасөспірім спорт мектебінде білікті жаттықтырушылар спорттың осы түріне балғын спортшыларды үйретуде.
РКС: Кенжебек Есләмов аударыспақтан тәжірибелі жаттықтырушы. Он жылдан бері спортшыларды даярлап келеді. Өзі де жас кезінен ат үстіндегі спорттық ойынға қызығушылық танытып, оны жан-жақты зерттеген. Қазір Қазақстан Республикасының спорт шебері. Кенжебек Ақмола облысында аударыспақты дамытуға ұмтылып, ұлттық спорт мектебінде жасөспірімдерді жаттықтырып жүр.
СНХ: КЕНЖЕБЕК ЕСЛӘМОВ, ҚР СПОРТ ШЕБЕРІ: Қазір осы ұлттық спорт мектебінде балаларды дайындап, жаттықтырып жүрміз. Келешекте енді мақсатымыз осы Ақмола облысын дамыту ұлттық спорт түрінен. Жаттығу уақыты бізге қысты күні қыиндау енді. Солтүстік болғаннан кейін қар, боран, аяз. Сол себепті кішкене қысқартулар болады. Жазды күні жай дайындық күнде болып істейміз.
РКС: Мектептің балғын спортшылары облыстық және республикалық жарыстарға үнемі қатысып, медальдар мен жүлделі орындарды еншілеп жүр. Мұндай жетістіктер спорттың осы түріне қызығушылық танытқандарды секцияға келуге жетелейді.
СНХ: НАИЛЬ КОВАЛЕВ, БАЛУАН ШОЛАҚ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің Красный Яр ауылында ат спорты жақсы дамыған. Жазда спортшылар ипподромда, қыста спортзалда жаттығады. Жалпы дене шынықтырып, күш жинаймыз. Жиі қоңырау шалып, жаттығудың уақытын сұрап, жазылады. Көпшілігі ат спортына қызығушылық танытады.
РКС: Балуан Шолақ атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ұлттық спорттың 11 түрі бойынша секциялар жұмыс істейді. Оның ішінде тоғызқұмалақ, жекпе-жек, құсбегі, жамбы ату, аударыспақ, асық ату, бәйге ең танымал. Мектепке 900-ге жуық спортшы келеді.
ЖАНДОС МҰРАТБЕКОВ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ