ДИКТОР: Өндірістік практика шеңберінде жоғары техникалық колледжінде өндіріске қажетті түрлі өнімдер шығарылады. Оған 10 мамандық бойынша білім алып жатқан 1300-ге жуық студент қатысады. Сол тауарларды сатқаннан түскен табыс колледжді дамытуға, сондай-ақ шеберлер мен студенттердің халықаралық тағылымдамалардан өтуіне жұмсалады. Былтыр 142 миллион теңгенің тауары өндірілді.

РКС: Колледждің «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілік орталығының студенттері өндірістік және дипломалды практикадан өтетін «Промтехмонтаж», «Тыныс» Акционерлік Қоғамы кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастықта. Екі жыл бұрын «КАМАЗ-Инжиниринг» кәсіпорнына автомобиль тіркемелерін жасаған. Колледжді бітіргеннен кейін білім алушылардың біразы осы кәсіпорындарға жұмысқа орналасады.

СНХ: СЕРГЕЙ ГЕРАСИМЕНКО, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Қазіргі уақытта студенттерде «Қорғаныш газдар ортасында жартылай автоматты дәнекерлеу арқылы төменгі қалыпта роликтерді балқыту» тақырыбында өндірістік оқыту жүргізілуде. Біздің колледж базасында WorldSkills Kazakhstan стандарттары бойынша өңірлік іріктеу чемпионаттары өткізіледі. Ең үздік студенттер ұлттық чемпионатқа қатысады. Бірнеше рет ұлттық чемпионатқа бардық. Аймақтық чемпионаттарда жеңіске жеттік. Осы құзырет орталығында дәнекерлеу технологиялары бойынша кадрларды қайта даярлау жүргізіледі.

РКС: Колледж түлегі Қасым Естаев бүгінде өзі ұстаз. 4 жыл бойы өз тәрбиеленушілеріне білім беруде. 2019 жылы Қазан қаласында өткен шанақ кәсібі бойынша әлем чемпионатына қатысқан. Жыл сайын оның студенттері түрлі чемпионаттарына қатысып, үздік болып танылып жүр.

СНХ: ҚАСЫМ ЕСТАЕВ, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Шанақ жөндеу құзыреті орталығында «Жас маман» жобасы аясында заманауи жабдықтарды сатып алдық. Мұнда студенттер шанақ кәсібі бойынша оқытылады. Шанақ жөндеу орталығында олар дәнекерлеу, диагностика, автомобильдерді түзету саласында білім алады. Жылына шамамен 200 студент осында практикадан өтеді. Кейін оларды дуальды оқытуға жібереміз. Барлығы жұмыспен қамтамасыз етіледі.

РКС: Колледж қызметтер тізімі де ауқымды. Металды токарьлық және фрезерлік өңдейді. Тігін қызметін де көрсетеді. Сонымен бірге жеңіл автомобильдерді, шанақтарды жөндейді. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы ойын алаңдарына қажетті жабдықтарды жасайды, көшеге жарық беретін шамдар, қоқыс салатын арнайы жәшіктерді де шығарады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.