ДИКТОР: Бурабай ауданында халықты әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылуда. Әлеуметтік дамудың басым бағыты денсаулық сақтау сапасын арттыру. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында былтыр жылжымалы медициналық кешен берілді. Осы және өзге де жаңашылдықтар туралы брифинг барысында аудан әкімінің орынбасары Мерей Рамазан баяндады.

РКС: Аудан тұрғындарына "Авиценна-Бурабай"серіктестігі стационарлық, амбулаториялық, емханалық және медициналық көмек көрсетеді. Мекемеде тәулік бойы қызмет көрсететін 159 орынға арналған көпбейінді аурухана жұмыс істейді.

СНХ: МЕРЕЙ РАМАЗАН, БУРАБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сондай-ақ, құрамына 33 керует-орынды күндізгі стационар кіретін ауысымда 250 адам қабылдайтын аудандық емхана ұсынады. Ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарялық көмекті 10 дәрігерлік амбулатория көрсетеді,оның құрамына 44 төсек орынға арналған күндізгі стационарлар, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 32 медициналық пункт кіреді.

РКС: Білім беру саласына келсек, былтыр бірнеше мектепке күрделі жөндеу жүргізілді.

СНХ: СНХ: МЕРЕЙ РАМАЗАН, БУРАБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Білім беру саласында Атамекен және Қарашілік ауылдарындағы 2 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Ағымдағы жылы Щучинск қаласының №4 орта мектебінде күрделі жөндеу аяқталады. Сондай-ақ, "Арман" орталығын күрделі жөндеу мәселесі пысықталуда және наурыз айына қарай Оқжетпес ауылының орта мектебін жөндеуге сараптама алуды жоспарлап отырмыз.

РКС: Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар. Осы жылдың бюджетіне алғаш рет барлық зейнеткерге, мүгедектер мен соғыс ардагерлеріне қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүруге қаражат бөлінді. Аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттерге Щучинск қаласы бойынша жол жүру билеттері беріледі.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ