ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты "Нұрлы" тұтыну кооперативінде табиғи газ іске қосылды. Енді 3500-ден астам тұрғын экологиялық жағынан таза және экономикалық жағынан тиімді отынға қол жеткізді. Бұл жұмыс газбен қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Салтанатты іске қосу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та қатысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов табиғи газбен қамтамасыз ету – халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңір экономикасын қолдауға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі екенін атап өтті. Аталған жоба өңір экономикасын қолдауға да зор ықпал етпек.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Газ міне келіп жатыр. Тағы да басқа жақсылықтар болады. Шыдамдылықтарыңызға рахмет. Осы мен ойламын енді, үлкен бағдарламалар бар. Мына, Астана агломерациясын 29 жылға дейін жетілдіру мәселесінде біраз іс-шаралар жасалынады.
РКС: Іс-шара барысында газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығына баса назар аударылды. Жаңа ресурстың артықшылықтарын алғашқылардың бірі болып Аужановтар отбасы сезінді.
СНХ: ҚАРАКӨЗ КӘРІПОВА, "НҰРЛЫ" ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 6 айдың ішінде осындай проектті жүргізіп тастап, біз дачный массив болсақта бізге газ тартып бергендеріңізге көп-көп рахмет сіздерге, бүкіл тұрғындардын атынан. Енді біз сіздерге де көмектесуге тырысамыз, біз енді абоненттердің санын көбейтуге тырысамыз.
РКС: Елді мекенді газбен қамтамасыз ету үшін шамамен 68 шақырым газ желісі тартылып, шкаф үлгісіндегі газ тарататын 7 станция орнатылды. Биыл Шұбар, Қоянды, Аққайың ауылдары мен Қосшы қаласын табиғи газбен қамту ісі жалғасады. Бұл өз кезегінде 21 мыңнан астам абонентті орталықтандырылған көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
ГҮЛНАЗ ХАЗИХАНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.