ДИКТОР: Республикалық алғашқы "Жас ұрпақ" облыстық балалар қоғамдық бірлестігінің қатарына тағы 50 ақмолалық оқушы қабылданды. Бұл аталған ұйымдағы жастар қозғалысының екінші кезеңі. Балаларды қабылдаудың салтанатты рәсімі туралы тілші баяндайды
ИНТЕРШУМ:
РКС: «Жас ұрпақ»- өскелең жастарды патриоттық рухта тәрбиелейтін ұйым. Ол білім алушыларға өмірлік құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді насихаттап, отанға деген сүйіспеншілікке баулиды. Ұйым жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты азайту, мектеп ішіндегі буллингтің алдын алу мақсатында балаларды білім беру, шығармашылық, спорттық және әлеуметтік бастамаларға тартуға негізделген. «Жас Ұрпақ» қоғамдық бірлестігі облыстық прокуратураның бастамасымен құрылды. Оған облыстық білім басқармасы қолдау білдірген.
СНХ: МАРАТ БАҚТЫБЕКҰЛЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі таңда жобаға қызығушылық танытушылардың көбейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Біздің жобада 50-ден астам адам бар. Біз осы жобаға және жастар қозғалысына тағы 50 адам қосудамыз. Барлық қатысушыларды қалған барлық жастарға үлгі болуға шақырамын.
СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің облысымызда «Жас Ұлан» сияқты, «Адал ұрпақ» сияқты, «Жас Сарбаз» сияқты әртүрлі қоғамдық бірлестіктер бар. Соның қатарына бүгін «Жас ұрпақ» бірлестігі де өзінің жұмысын бастады. Ондағы ең мақсаты, ең басты міндеті, идеясы ол әрине біздің бүгінгі күні республикамыздағы біртұтас тәрбиенің жалғастыру, соған сай болу. Яғни үлкенге ізет, кішіге қамқор, жақсы оқу, ең басты жақсы тәрбие мен жақсы тәртіппен алдағы уақытта қоғамның бір мүшесіне айналу.
РКС: Аталған ұйымға қатысушылардың бірі - Аружан Күлен Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің оқушысы. Аружан қатарластарының арасында үздік, түрлі шараға белсенді ат салысады.
СНХ: АРУЖАН КҮЛЕН, СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Міне, мен бүгін "Жас ұрпақ" балалар ұйымына кіріп отырмын. Осы ұйымға мені таңдағанына мен өте қатты қуаныштымын. Осы ұйымға кіргендегі жастардың мақсаттарының бірі- үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету деп ойлаймын. Екіншіден, өз елін көркейтуге үлес қосу деп ойлаймын.
РКС: Айта кетейік, "Жас ұрпақ" қоғамдық бірлестігіне қабылдау жылына бір рет өткізіледі. Енді ұйымға кірген оқушылар мектеп директорына секцияларды енгізу, сондай-ақ, сабақтан тыс іс-шараларды өткізуді, белсенді оқушыларды ынталандыру сияқты ұсыныстарын енгізе алады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ