ДИКТОР: Аймақта жол құрылысы мен оның сапасына ерекше мән берәләп отыр. Биыл жергілікті маңызы бар жолдарды салу мен жөндеуге қатысты 120-дан астам жоба жүзеге асырылмақ. Оған қазынадан 66 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған.

РКС: Қазіргі уақытта «Щучинск-Степняк-Уәлихан», «Бабатай-Волгодоновка-Береке-Бұлақсай», «Жалтыр-Макинск», «Жаңа Қалқұтан-Ақкөл-Азат-Минское», «Щучинск-Николаевка», «Бурабай-Қатаркөл», «Қорғалжын-Арықты-Сабынды» және «Жақсы-Державинск» автожолдарының маңызды жол участкелерін күрделі және орташа жөндеуге қатысты ірі жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ елді мекендердің, соның ішінде Астанаға іргелес жатқан ауылдардың жол-көше желілерін салу және жаңартуға қатысты ауқымды жұмыстар жалғасады.

СНХ: ЖҰМАБЕК ҚАЙРОЛЛА, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Облыс бойынша жол-көше желісін жөндеу жұмыстары барлық ауданда жалғасады. Биыл Көкшетау қаласында Қопа көлінің жағалауын бойлай автожол салу жобасы басталғанын атап өткім келеді. Бұл жоба «Қазцинк» компаниялар тобының демеушілік қаражаты есебінен жүзеге асырылмақ.

РКС: Жолдардың сапасын тексеру жол қауіпсіздігі мен жайлылықты қамтамасыз етуге бағыталған маңызды шараның бірі. Жол төсемінің беріктігі ең алдымен жолдағы қауіпсіздік үшін аса маңызды екені даусыз.

СНХ: РУСЛАН ҚҰЛИЯСОВ, ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ: Ең алдымен битумның құрамы дұрыс болуы шарт. Негізгі талап осы. Жол төсемдеріне қажетті қоспаларды біріктірген кезде сапа шығады. Бетон қоспасын дайындаған кезде учаскеден мүсіндік өзектер таңдалады. Мұндай үлгілер талаптарға сай болу үшін кейін бізден сынақтан өткізіледі.

СНХ: ТАЛҒАТ ҚАЙРАТХАН, ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңда барлық нысанның 80 процентін қамтып отырмыз. Қазіргі уақытта 336 сынама алынды, соның 107-сі стандартқа сәйкес келмейді. Олардың барлығы қазір дұрысталып жатыр. Біздің негізгі қызметіміз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы тұруға бағытталған. Жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және сапалы сынақтар өткізу басты мақсатымыз.

РКС: Мамандар көктемгі су тасқыны кезеңінде Ақмола облысында республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар арқылы еріген қар суының 141-ден астам ағыны тіркелген. Салдарынан 40- қа жуық жергілікті маңызы бар жол зақымданды. Су шайып кеткен аумақтың ұзындығы 20 шақырымнан асады. Оны қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, МЕДЕТ КАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.