ДИКТОР: Зеренді ауданында 10 отбасына салтанатты түрде пәтер кілті табысталды. Тұрғын үйге көпбалалы отбасылар, жетім балалар, халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар ие болды. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов баспана иелерін қоныс тоймен құттықтады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Гүлзада Ақпаева жұбайымен бірге бес бала тәрбиелеп отыр. Баспана кезегінде 12 жылдай тұрған. Биыл сол арманына қол жеткізіп отыр. Облыс әкімі Марат Ахметжанов көп балалы анаға пәтер кілтімен бірге тұрмыстық техникаға сертификат табыстады.

СНХ: ГҮЛЗАДА АҚПАЕВА, ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Елімізде көптеген бағдарламалар, жобалар іске асырылып жатыр, соның бірі мінеки бүгінгі мемлекеттен қолдау, көпбалалы аналарға пәтер беріп жатыр. Соған өте қуаныштымын! Аудан, облыс, әкімдеріне алғысым шексіз, көп рахмет, көптен күткен қуанышымыз, ана ретінде алғысымды білдеремін!

РКС: Тұрғын үй «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» жобасы аясында беріліп отыр. Кезекте тұрғандар дайын пәтерге кіреді. Ішінде барлық жағдайы жасалған.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Баспана-бақыт кілті дейді. Сондықтан, бүгін міне, осы Зеренді ауданының тұрғындары баспаналы болуы Президенттің бастауы менен болып жатқан бағдарлама. Ол өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда осындай талаптар қойып жатыр. Тез, жылдам, осы халықтың көкейтесті мәселесінің бірі баспанамен қамту. Сондықтан, осы жаңа бағдарламаның бірі жаңа толқыны, үйді салу емес. Бұрын қаражат тосып 3-4 жыл салып, сосын тарату. Қазір дайын үйлерді табыстауға көңіл бөліп жатыр. Бұл бағдарлама осы Ақмола облысында басталып отыр. Жалпы осы бағдарлама бойынша 841 пәтер алынады биыл.

РКС: Айта кетейік, Зеренді ауданында мемлекет тарапынан тұрғын үй алу кезегінде 600-ге жуық адам тұр. Олардың 80-дейі көпбалалы отбасы. Бүгінгі таңда жергілікті билік тұрғын үймен қамтамасыз етудің түрлі бағдарламасын іске асыруда. Осылайша, кезекте тұрғандардың мәселесін шешу үшін белсенді қадамдар жасалып жатыр.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.