ДИКТОР: Атбасарда орталық қазандықты жөндеу жұмыстары өткен жылы басталып, әлі аяқталмаған. Ақан Құрманов көшесінің бойындағы жолды жөндеу де аяқсыз қалды. Жолды жөндеу 2022 жылы басталған. Құрылыс жұмыстарының аяқталмауына қаржы тапшылығы қолбайлау. Облыс әкімі Марат Ахметжанов аталған нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Тозығы жеткен апатты үй тұрғындарымен де кездесті.

РКС: Атбасардағы 8 пәтерлі тұрғын үйлер 1950-ші жылы салынған. Ғимарат әбден ескірген. Апатты деп танылған үйде тұрғындар әлі де тұрып жатыр. Үйді арнайы комиссия тексеріп, құрылыстың жай-күйіне техникалық сараптама жүргізген. 70 процент тозығы жеткен деп қорытынды шығарылған. Тұрғындар өзекті мәселені облыс әкімі Марат Ахметжановкпен кездесуде көтеріп, көпшілігінің жаңа баспана сатып алуға қаржылық мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Аймақ басшысы азаматтардың арыз-шағымдарын мұқият тыңдап, тиісті тапсырма берді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл мәселені шешудің екі нұсқасы бар, біріншісі, егер үй қауіпті деп танылса, онда шағын ауданда салынып жатқан 100 пәтерлі үйден баспана береміз. Екіншіден менің түсінгенім бойынша бұл олардың жалғыз баспанасы емес. Коммерциялық мүлкі барлар бар. Яғни олар арнайы бағдарламамен баспаналы бола алмайды. Сол үшін бұл мәселені жөндеу жасау арқылы шешу керек. Яғни, ешкім баспанасыз қалмайды. Ал мына үйлер бұзылады.

РКС: Атбасарда да орталық қазандық қайта жаңғыртылуда. Абоненттердің саны 3600-ден асады. 2023 жылы мұнда 2 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ химиялық су тазарту ғимаратын салу, қазандықтар мен мұржаларды орнату сияқты бірқатар жұмыстар атқарылмақ.

СНХ: АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Осы бағытта биыл бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл 3-4 қазандықтардың іргетасын, аралықтарды демонтаж жасау, қазандыққа іргетас орнату және басқа да жұмыстар. Бұл қазір атқарылып жатқан жұмыстар.

РКС: Атбасарда Ақан Құрманов көшесі қайта жөндеуден өтуде. Жұмыс 2022 жылы басталды. Жөнделуі тиіс жолдың ұзындығы 2 шақырымға жуық. Мұнда жаяу жүргіншілер жолы да салынбақшы. Жобаны аяқтау үшін қаржы қажет. Бюджеттік қаражатты қарастырып, жөндеуді күзге дейін аяқтау жоспарлануда.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ