ДИКТОР: Жақсы ауданына қарасты Запооржье ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға жергілікті серіктестік жаңа реанимобиль сыйға тартты. Бағалы сыйлық алдағы уақытта ауыл тұрғындары мен іргелес жатқан елдімекендерге медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға септігін тигізбек. Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов, аудан басшылығы мен денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты. Запорожье дәрігерлік амбулаториясының құрылысы былтыр аяқталып, бірден қолданысқа берілген еді. Қазір 2,5 мың тұрғынға қызмет көрсетіледі. Құрамында 2 участок бар, оған ауылдан бөлек, іргелес жатқан 5 елдімекен кіреді. Сыйға берілген А класты автокөлік өкпені жасанды жолмен желдету аппаратымен, жылжымалы қоларбамен, басқа да қажетті қондырғылармен жарақтандырылған. Бұл ең алдымен халық игілігі үшін өте қажет дүние, дәрігерлерге де зор қолдау,-дейді мамандар.

СНХ: ЭЛЬМИРА НҰРАЛИНА, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Бізге осындай санитарный автотранспорт жетпейді, әр ауылға, біздің халқымызға, біздің услугамыз жеткілікті болу үшін, әр ауылға керек. Аудандық ауруханада 12 машина бар, передвижной маммограф, передвижной флюорограф, 6 санитарлық автотранспорт, 1 реанимобиль бар.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ