ДИКТОР: Елімізде су тасқынынан зардап шегіп, үйсіз қалған жандар аз емес. Бүгін Облыс әкімі Марат Ахметжанов топан судың салдарынан баспаналары апатты деп танылған және әлеуметтік осал топ санатындағы көкшетаулық отбасыларға салтанатты түрде пәтер кілтін табыстады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бір және екі бөлмелі баспананың кілті қала тұрғындарына бұйырды. 16 отбасы қоныс тойын тойламақ.

СНХ: РАИСА ДОҒАЛАҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ : Бүгін өте қуанышты күн. 18 жыл күттім. Сол енді 10 балам бар. Зейнеткермін, немерелерім, шөберелерім бар. Ел басына үлкен рахмет. Біздіп елеп жатқанына. Осы әкімге де алғысым шексіз. Бір бөлмелі үй алып. жатырмын.

СНХ: ЕВГЕНИЙ МОНАКИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Көңіл-күйім көтеріңкі, өз көзіме өзім сенбей отырмын. Бір пәтердің иесі атандым. Осындай игі іске атсалысқан барлық жандарға айтар алғысым шексіз. Ұзақ жыл өзеннің маңында тұрған үйімізді талай рет су басқан. Енді міне арманымыз орындалды.

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов табысталған пәтерлер жіті тексеріліп, отбасылардың қалауы ескерілгені және су тасқынынан зардап шеккен Көкшетау қаласының тұрғындары түгелдей баспанамен қамтылғанын жеткізді. Айта кетейік, бұдан бөлек үйсіз қалған басқа аудандардың тұрғындары да назардан тыс қалған жоқ.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұланды, Жарқайың және Есіл аудандарында жекеменшік 107 үйдің құрылысы басталып кетті. Тағы 59-ының құрылысы осы айда басталады. Су тасқынның салдары тек тұрғын үйлерге ғана емес, өкінішке орай, инфрақұрылымға да зақым келтірді. Еліміздің Үкіметіне алғысым зор, біздің бюджеттік өтінімімізді қолдады. Енді мемлекет қазынасынан бөлінетін қаражаттың түсуін күтеміз. Содан соң жоспарланған жобаларды іске асыруға кірісеміз.

РКС: Биыл облыс бойынша 900 баспананы әлеуметтік осал топтарға, көп балалалы аналарға және топан судан зардап шеккендерге беру жоспарланған. 300-ге жуық баспана өз иесін тапты. Айта кетейік, шара барысында бірнеше ірі жобаның құрылысы қолға алынатыны айтылды. Соның бірі қаламыздағы жағалаудың бойында үлкен амфитеатрдің құрылысы мен жағалауды абаттандыру жұмыстары, қолайлы 2 мектептің құрылысы және Қосшы қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың құрылысын жүзеге асыру жоспарланған.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ