ДИКТОР: Таңбаланған дәрі-дәрмектің алғашқы партиясы облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Медикаменттердің соңғы нүктесі пациентке дейін жеткізілуін бақылау аса маңызды. Бұл ең алдымен еліміздің цифрлық экономикасына жасалып отырған қадам.

РКС: Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау жүйесі оның сапасын бақылауға және жасандылықпен күресуге бағытталған. Ол дәрілік заттарды өндіру мен таратудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін енгізіліп отырған шара.

СНХ: ИРИНА ШЕВЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІХАНА МЕҢГЕРУШІСІ: 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмектерді таңбалау жұмысы басталды. Бүгінгі күні біз матрикс күні көрсетілген Ритуксимаб препаратын алдық. Яғни QR коды бар деген сөз. 27 құтысы қолымызға тиді. Бұл бізге өндірушіден пациентке дейінгі жеткізілімді қадағалауға мүмкіндік береді. Біз жалған дәрі ме жоқ па, соны анықтай аламыз. Барлық дәрі-дәрмек QR код арқылы толығымен оқылады. Егер ол шот-фактураға сәйкес келмесе, жалған дәрі екені бірден анықталады.

РКС: Медицина ұйымдарына сырттан келетін дәрілік заттардың ғана айналымы бақыланбайды. Сонымен бірге олардың денсаулық сақтау ұйымдары ішіндегі қозғалысы да қадағаланады.

СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРАХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Облыстық көпсалалы ауруханасының базасында біз госпитальдық формация бөлімінің жобасын жүзеге асырдық. Ол дегеніміз не? Яғни біздің ауруханадағы барлық препарат медициналық ақпараттық жүйені және 1-С бухгалтериясын шоғырландыру арқлы бақыланады. Әр пациенке жекеленген.

РКС: Мамандар дәрі-дәрмектің қадағалануы дәрі-дәрмектердің шығыны мен мөлшерден тыс екенін мейлінше төмендететінін айтады. Сонымен бірге артық қалған дәрі-дәрмек туралы ақпаратты біріктіруді жеңілдетеді және әрбір жеке қораптың бөлшектеме есебін жүргізуді қамтамасыз етеді.

 ЯНА КРЮЧЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ