ДИКТОР: Қола дәуірінің қорғанынан адамның жамбас сүйегі мен бірнеше артефакт табылды. Археологтар зерттей келе Сандықтау ауданының аумағында көптеген қорымның болғанын анықтады. Ол жерде 300-дей адам тұрған деген болжам бар. Сол жерде жұмыс істеп жатқан археологтармен тілшіміз кездесіп қайтты.

РКС: Қола дәуірінің алакөл мәдениетінде өмір сүрген тайпалар керамика, киім-кешек, архитектура жасап, жерлеу салтын өткізген. Ол кезде қорғандар тас сақиналар арқылы жасалған. Оның бәрі киелі сипатқа ие болған. Артефактілер қирап қалған қорғаннан табылды. Ол жерде қыш құмыралар, бақалшықтар, тіпті адамның жамбас сүйегі де болған.

СНХ: ЖАСҰЛАН ҮКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Сандықтау ауданында барлық жұмыс барысында 3 қорым табылды. Мұның маңыздылығы, атап кететін болсақ, 158-ден астам қоры мен қорғаннан тұрады. Қола дәуірінің андрон мәдениетінің қола дәуірінің ескерткіштері зерттелді. Зерттеу барысында көптеген археологиялық ескерткіштер тоналған болып шықты. Бірақ, кейбір фрагменттер сақталып қалған. Оның ішінде мысалға, қыш ыдыстар. Қыш ыдыстардың ішінде көбінде бұл жерге қарайтын болсақ, қыш ыдыстар, формасына қарап, 3-ке бөлуге болады. Ерте, орта және соңғы деп. Мына қыш ыдысқа қарап біз, орта қол дәуірінің қышысын көріп тұрмыз. Яғни, Алакөл мәдениетінікі. Толықтай өрнектелген. Осылайша біз Алакөл мәдениетін анықтадық.

РКС: Жабай өзеніне жақын орналасқан қорғандарды биыл алғаш рет қазақстандық археологтар тапты. Табылған керамиканың бөлшектері Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ядролық физика кафедрасына өткізілді. Ол жерде ыдыстың құрамы анықталады. Зерттеудің қорытындысын шетелдік ғылыми басылымдарда жариялау жоспарланып отыр.

СНХ: ДАНИЯР ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ, АРХЕОЛОГ: Қорым біз үшін өте қызықты, ол әр кезеңді қамтиды. Бұл жерден қола дәуіріндегі қоршаулардан бөлек, ерте темір дәуіріндегі қорғандар, оның ішінде атақты миықты қорғандар табылды. Ерте заманда, бірнеше мыңжылдықта бұл аумақтың бәрінде қоныс болғандығын көрсетеді. Адамдар мейлінше қолайлы жерлерден алшақтамай, ұдайы бір орынды таңдап отырған. Біз кешенді зерттеулер жүргіземіз. Бүкіл қорымның толық топографиялық жоспарын түсірдік. Соның арқасында осы жерде қола дәуірінің 158, ерте темір дәуірінің 5 қорғаны болғанын анықтадық. Жаяу аралаған кезде миықты қорғанның болғанын да көруге болады.

РКС: Қола дәуірінің 158 және ерте темір дәуірінің миықты қорғанын анықталды. Занамаға сәйкес ол анықталған сәттен бастап мемлекеттік қорғауына алынды. Табылған заттың барлығы одан әрі зерттеу үшін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына өткізіледі.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ