«Таза қазақстан» акциясы жалғасуда
ДИКТОР: «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақмола облысында табиғатты қорғау шаралары жалғасуда. Жарқайың ауданында да экологиялық акция өтті. Тазалық шарасына жастар ресурстық орталығы мен «Жасыл ел» студенттік жасақтың 25 мүшесі қатысты. Акцияға қатысушылардың жалпы саны 35 адам.
РКС: Бұл іс-шара азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға, құндылықтарды, табиғат пен қоршаған ортаға деген қамқорлықты қалыптастыруға ықпал етпек. Акция барысында Есіл өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды.
СНХ: САЯТ КЕМПІРОВ, ВОЛОНТЕР: Ел Президенті тазалықты сақтау баршамыздың ортақ міндетіміз екенін үнемі айтып жүр. Үйімізді ғана емес, Отанымызды таза ұстау бәрімізге ортақ. Мына жағалауды да таза ұстауымыз қажет. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген. Менің ойымша, әрбір азамат бұл іске жауапкершілікпен қараса, бей берекет шашылған қоқыс болмайды.
РЗК: Акцияға қатысушылардың айтуынша, бұл іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға және жастар арасында табиғатты құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Айта кетейік, «Жасыл ел» студенттік жасақ екі маусым бойы жұмыс істейді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ