ДИКТОР: Көкшетауда интеллектуалды дамуында ерекшеліктері бар жандар арасында пара үстел теннисінен турнир өтті. Жарысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен осындай жандардың спорт федерациясы ұйымдастырды.

РКС: Спорттық сайысқа Ақмола өңірінің бес ауданынан интеллектуалды дамуында ерекшеліктері бар үлкен жастағы спортшылар қатысты.

СНХ: ДИНА ТЕМІРҒАЛИЕВА, «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМУЫНДА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақстанның барлық аймағында дәл осындай іріктеу өткізіліп жатыр. Жүлделі орын алғандар тамыз айында Астанада өтетін республикалық турнирге қатысу құқығына ие болады. Интеллектуалды дамуы ерекше жандар паралимпиада қозғалысына жатады. Қазір ұлттық құрама жасақтап жатырмыз. Республикалық турнирден кейін болашақта халықаралық жарыстарға шығу мүмкіндігіне ие боламыз.

РКС: Ерекше спортшылармен жұмыс істейтін жаттықтырушылардың өзіндік қиындықтары бар,-дейді мамандар. Өйткені, әрқайсысына жеке тәсіл таба білу қажет.

СНХ: ТИМУР САДЫРБАЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Оларды осы бағытта дамыту үшін белгілі бір жаттығулар мен міндеттер таңдалады. Бұл жарыс паралимпиадалық спорттың үстел теннисі ережелері бойынша өткізіліп жатыр. Біз 11-ші санатта жарысқа түсіп отырмыз. Ережеге сәйкес барлық қатысушы тіркелді. Үстел теннисінің жалпықабылданған ережелері бойынша жарыстың 3 партиясында екі жеңіске дейін өткізіледі.

СНХ: СТАНИСЛАВ СИГАРЕВ, СПОРТШЫ: Спорттың бұл түрімен айналысқаныма 23-24 жылдың жүзі болды. Жетістіктерім де жоқ емес. Бірінші және екінші жүлделерді еншіледім. Олимпиксте биік белесті бағындырдым. Енді паралимпиадада табысқа жетсем деген жоспарым бар. Елімізді танытсам деймін.

РКС: Еске сала кетейік, үстел теннисінен Taipei City Para Open 2024 пара жарысында спортшылар Станислав Сигарев пен Антонина Рогова әлемдік сайысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ