ДИКТОР: Семей қаласында шағын футболдан өткен республикалық спартакиадаға Ақмола облысынан мектеп оқушылары да қатысты. Аталмыш жарыстан жүлделі 2 орынға ие болған жеңімпаздарды ата-аналары мен жақындары теміржол вокзалынан салтанатты түрде қарсы алды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Республикалық турнирге Ақмола облысының атынан №17 мектеп гимназиясының оқушылары қатысты. Олар оған дейін қалалық және облыстық деңгейде ұйымдастырылған жарыстардың жеңімпазы атанған.

СНХ: НИКИТА КИРИЛЕНКО, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Балалар керемет ойын көрсетті, жақсы әсер алдық. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан балалар ептілігін көрсетті. Команда күміс жүлдегер атанып қайтты. Өте қуаныштымын.

РКС: Еліміздің 13 аймағынан жиналған командалар өзара бақ сынасты. Турнир 5 шабуылдаушы, 1 қақпашы форматында тартысты өтті.

СНХ: ӘРСЕН ДӘУЛЕТ, ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРІ: Біз Көкшетаудан Семей қаласына дейін республикалық турнирге барып келдік. Барлық ойындар жақсы өтті. 5 ойыннан 4 ойынды жеңіп, 1 ойынды жеңіліп қалдық. 6 жыл бойы футболмен айналысамын.

РКС: Жарысқа қатысушылар 1 орынға сәл ғана қол жеткізе алмай қалғандарын айтады. Финалдық ойында Ақтөбе қаласынан келген командадан 2:0 есебімен ұтылып қалған. Келер жылы ақмолалықтар дәл осы спартакиадада үздік атанудан үмітті.

САБИНА ЖӘМШИТОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ