ДИКТОР: Есіл қаласында еркін күрестен КСРО спорт шебері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Төлеген және оның ұлы ҚР спорт шебері Мәди Ысқақовтарды еске алуға арналған 20-шы республикалық турнир өтті. Байрақты бәсекеге өз елімізің бірнеше аймағымен көрші мемлекеттерден 300-ге жуық жасөспірім балуандар қатысты.

РКС: Есіл турнирінің ашылу салтанаты ерекше өтті. Ортаға сап түзеп шыққан жасөспірім спортшылардың жүздері бал бұл жанады. Көрші елдерден келген балуан балалар қызыға қарап, алдағы белдесулерде жеңіске жетуді армандап тұрды. Жарыстың ұйымдастырушысы Талғат Әлжановқа осынау сәтте Есіл ауданының Құрметті азаматы төс белгісі тағылды. Бұл өңір спортын дамытып жүрген тұлғаға көрсетілген зор ілтипат еді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жақында ғана есігін айқара ашқан Есіл спорт кешенінің залында 2 күрес кілемі төселіп, алғашқы белдесулер басталып кетті. Жеңіл салмақта күш сынасып жатқан өреңдердің әдіс айласы көз қызықтырады.

СНХ: ТАЛҒАТ ӘЛЖАНОВ ЖАРЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: Әкелі балалы Төлеген мен Мәди Ысқақовтардың есімдері еркін күресте мәңгі сақталады. Сондықтан осы жарысты үзбей 20 жыл бойы өткізіп жүрміз.оған жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетеді. Жыл сайын географиясы кеңейіп, кілемге шығатын балалардың саны артып келеді. Біз соған қуанамыз.

РКС: Екі күнге созылған Есіл турнирі жасөспірім еркін күрес балуандарының шеберлігін шыңдап, тәжірибелерін жетілдірді. Өз алаңында жергілікті балуандар үш алтын үш күміс бес қола медаль жеңіп алды. Бұл аталмыш өңірде еркін күрестің мықтап дамып жатқанын көрсетсе керек.

СНХ: АЯН ӘЛЖАНОВ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ (ЕСІЛ ҚАЛАСЫ): Мен Бақытжан ағайдың қарамағында жаттығамын. Осы жауапты жарысқа тыңғылықта дайындалдық. Соның нәтижесінде жеңіске жеттім. Алда тағы да бірнеше турнир тұр. Соған дайындаламын.

СНХ: ӘЛДИБЕК ОМАР ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ (ЕСІЛ ҚАЛАСЫ): Мен 31 келі салмақта күрестім. Қарсыластарым өте мықты болды. Көрші мемлекеттерден келген балуандармен де белдестім. Бапкерлер айтқан ақыл кеңесті орындап, чемпион атандым. Бұл бапкерлердің де еңбегі. Алғысым шексіз.

РКС: Әкелі балалы Төлеген және оның ұлы Мәди Ысқақовтың рухын асқақтатқан жасөспірім балуандардың белдесуі елімізде еркін күресің бұқаралық сипатқа ие екендегін тағы да бір дәлелдеді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ