ДИКТОР: Көкшетауда Ұлттық домбыра күніне орай «Қасиетті домбыра» атты дәстүрлі облыстық байқау өтті. Күйшілік орындаушылық өнерді дәріптеп, домбырашылардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған байқау биыл 3 номинация бойынша бағаланды.

РСК: Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқауға облыстың әр өңірінен 130-ға жуық өнерпаз қатысты. Олар «Үздік күйші», «Үздік дәстүрлі әнші», «Үздік домбыра ансамблі» номинациялары бойынша бақ сынасты.

СНХ: ХАДИША ЖОЛЫМБЕТОВА, "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Жыл сайын байқау өткіземіз. Жыл сайын қатысушы балалардың саны да артып келеді. Деңгейлері жақсы. Домбыраға деген сүйіспеншілігі керемет. Осы байқауға 8 ауданнан және 2 қаладан балалар қатысып жатыр.

РСК: Сапарғали Рақымжанов өмірін музыкамен байланыстырған жан. Қазақтың қасиетті қара домбырасын бала күнінен жанына серік еткен. Бүгінде жүздеген шәкірті бар ұстаз. Елу жылдан астам шәкірт тәрбиелеп келеді. Аталмыш байқауға 4 шәкіртін ертіп келген.

СНХ: САПАРҒАЛИ РАҚЫМЖАНОВ, ДОМБЫРАШЫЛАР КВАРТЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: (ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ): Конкурстың тәрбиелік маңызы зор. Оларды ынталандыру, ұлттық домбырамызды әрі қарай дамыту мақсатында келіп отырмыз. Қатысушы балалардың бәрі керемет. Көздерінде от жанып тұр. Бәріде жүлделі орын алғысы келіп тұр. Бәріне сәттілік тілеймін. «Мерген» және «Шаттық» атты халықтың күйін орындаймыз.

ИНТЕРШУМ:

РСК: Байқау қорытындысына сәйкес жас ерекшеліктеріне қарай «Үздік күйші» номинациясы бойынша Медина Үсербаева мен Нұрдәулет Дәуренбек жеңімпаз деп танылды. Олар Ақкөл ауданының өнерпаздары. «Үздік дәстүрлі әнші» номинациясында Қосшы қаласының өнерпазы Айару Әбдібек үздік атанды. Ал «Үздік домбыра ансамблі» номинациясы бойынша Щучинск қаласындағы «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жанындағы «Беркімбай сазы» ансамблі 1-ші орынға ие болды. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал барлық қатысушы Алғыс хатпен марапатталды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ