ДИКТОР: Көкшетау қаласының тұрғыны Сұлтан Едігеге шұғыл түрде көмек керек. Бұған дейін қолы ашық жомарт жандардың көмегімен Стамбұл қаласында ота жасалып, аяққа тұрған азаматтың дерті қайта ушықты.

РСК: Алматы қаласына арман қуып кеткен жерлесіміз Нұр-Мүбәрәк университетін тәмамдаған. Үйге қайтар жолында, Сұлтан Едіге отырған қоғамдық көліктің алдынан жеңіл автокөлік кесіп өтіп, жол-көлік оқиғасына түседі. Салдарынан көкшетаулық азамат аяғынан қатты соққы алып, юинг саркомасы диагнозы қойылады. Аяқ сүйегінде ісік анықталып, өңірлік ауруханалардың табалдырығын тоздырған туыстары дертіне ем таппаған. Керісінше, біліксіз дәрігерлердің жасаған ем-домдары ауруды асқындырып жіберген.

СНХ МАХАББАТ ЕДІГЕ, ТУҒАН ӘПКЕСІ: Көкшетаудан кейін, Алматы қаласына онкология институтына ашық ранамен кеттік. Содан кейін ол оқыған Нұр-Мүбәрәк институтының имамдары, басқа қаланың имамдарымен хабарласып бізге қаржылай көмек көрсетті. Жиналған қаражатты алып бір, екі күн ішінде Стамбұл қаласына емделуге кеттік. Сразу анализ алып, химияның бірінші курсын бастадық. 4-ші күні ота жасалып протез қойылды.

РСК: Түркия елінде жасалған операцияға қайырымды жандар 25 мың доллар қаражат жинап берген. Қатерлі ісіктен айығып, аяғына тұрған Сұлтан Едігенің арманы орындалды десе болады. Туған жеріне оралып, халыққа қызмет көрсету орталығына жұмысқа тұрады. Бірақ қуанышы көпке созылған жоқ. Араға 4 жыл салып, аяққа салынған протез сынып, жарасы іріңдей бастаған.

СНХ: СҰЛТАН ЕДІГЕ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Аяққа салмақ түсті. Жалғыз тұрғаннан кейін 5-ші қабатқа көтерілу, түсу қиынға соғады. Одан кейін ауыр заттар көтересің. Аяққа салған темір шыдамай астына түсіп кетті. 2022 жылы остеомиелит диагнозын қойды.

РСК: Қатерлі ісіктің бұл түрі-сүйектердің ауыр инфекциялық дерті. Сұлтанның жағдайында сүйек іріңдей бастаған. Онымен қоймай, аяқтың еті жүқарып, іріңі сыртқа шыға бастады. Ішкі ағзалары да сыр бере бастаған. Өңірлік дәрігерлер операцияның бұл түрін жасамағандықтан, одан бас тартып отыр. Олардың айтуынша ондай протез елімізде жоқ. Сондықтан, Стамбұл қаласында ота жасаған дәрігеріңе қайта жүгінгенің жөн болар деп кеңес берген. Амалы таусылған жерлесіміздің қалтасы көтермейтін операцияны жасату үшін халықтан көмек сұраудан басқа шарасы жоқ.

СНХ: СҰЛТАН ЕДІГЕ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Халықтан көмек сұраймын. Әр секунд маңызды. Себебі ауру асқынып кетті. Қаражат жинап Стамбұл қаласына кету керек. Дәрігермен келісіп койдым.

РКС: Сұлтанның барлық анализі шет ел дәрігерінің қолында. Олар оны қабылдауға және қажетті операцияны жасауға әзір. Тек 20 мың доллардай қаражат қажет. Аяқты аман алып қалу мүмкіндігі де бар деген болжам айтқан мамандар. Сондықтан туған-туыстары қазақтың қайсар ұлын аяққа тұрғызу үшін қайырымды жандардан көмек сұрайды.

ИНФОГРАФИКА:

КАСПИЙ КОШЕЛЕК: 87718776109 (16.07.1993)

КАСПИЙ: 4400 4302 3956 7032

ХАЛЫҚ БАНК: 87718776109

ХАЛЫҚ БАНК: 4405 6397 6432 7415

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ: 87761299017, 87718776109

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ