ДИКТОР: Көкшетаудағы Ақан сері көшесіндегі 188-ші үйдегі жаңа тұрғын үй кешені тұрғындарының амалы таусылып, біздің редакцияға шағымданды. 1-ші және 2-ші подъездің дәлізі жаңбыр жауған сайын суға толып кетеді. Пәтерге кіруіміз мұң болып кетті деп отыр. Құрылыс компаниясының жұмысшылары мәселені шешуге бірнеше рет талпынғанымен, жағдайдың дұрысталатын түрі жоқ. Жаңа тұрғын үй кешені тұрғындарының жан айқайын тілшілеріміз тыңдап қайтты.

РКС: Бұл Ақан сері көшесіндегі «Алматы» тұрғын үй кешені. Былтыр жазда қолданысқа берілген. Көптен күткен баспанаға қол жеткізген тұрғындар жаппай көшіп келді. Бірақ, қуаныштары ұзаққа созылған жоқ. Көппәтерлі үйдің дәлізіндегі су өтетін құбыр бірнеше рет жарылған. Былтыр жаздан бері холлға су толып кете береді.

СНХ: ӘНУАРБЕК ЕСКЕНДІРОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Тұрып жатқаныма жарты жыл болды. Еш нәтиже шықпады. Бір рет емес, бірнеше рет шелекпен су шығарамыз. Постоянно осылай. Суағарлары дұрыс емес, Крышадан ағып жатыр. Бәлен миллионға істеген ремонт кетіп жатыр. Үйдің алды мусор. Вообще алынбаған. Ішінде крыса, бақа-шаяндар жүр.

РКС: Тұрғын үй кешенінің аумағы да әлі күнге дейін абаттандырылмаған. Кешкі мезгілде демалып отыратын орындық, балалар ойнайтын, спорттық алаңдар да жоқ. Тұрғындар құрылыс салған компания жағда барлық жұмысты бастаймыз деп уәде еткен. Әзірге тек подъездің ішкі қабырғалары ғана қапталған. Қалғаны құр сөз күйінде қалып отыр. Көпшілігі баспананы несиеге рәсімдеген. Әр тиынымыз есептеулі. Өздеріне қажет кезде ғана байланысқа шығады. Қалған уақытта оларды табу қиямет қайым,-дейді тұрғындар.Құрылыс компаниясына бірнеше рет хабарласқанымызбен, одан еш нәтиже шыққан жоқ. Жұмысшылар түсінік беруден бас тартып, ат-тондарын ала қашады. Бұл жағдай телеарнаның бақылауында болады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ