ДИКТОР: Өткен аптада Сенат депутаттары қазақстандықтар арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресуге бағытталған заң жобасын мақұлдады. Құжаттың негізгі ережесінің бірі – мемлекеттік, әскери қызметшілердің және борышкерлердің құмар ойын ойнауына тыйым салу. Сондай-ақ букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына шектеулер мен онлайн-казино ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Заңдық тұрғыдағы жұмыстармен қатар, тұрғындардың санасында бәс тігуге деген саналы теріс көзқарасты қалыптастыру маңызды.

STAND-UP: ЯНА КРЮЧЕК, ТІЛШІ: Құмар ойындарға тәуелділік – қоғамдағы ең қауіпті келеңсіздіктің бірі. Мемлекет басшысы жақында сөйлеген сөзінде оны тіпті «нағыз әлеуметтік пандемия» деп атады. Интернеттің дамуымен құмар ойындарға тәуелділік мәселесі айтарлықтай нашарлады. Бұл негізінен жастарға әсер етеді.

РКС: Өскелең ұрпақ жеңіл ақша табудың жолын іздеуге құмар. Көпшілігі қарызға белшесінен батып, соны оңай олжа арқылы жабамын деп санасын жаңсақ пікірмен улап алады. Оның соңы құмар ойындарға тәуелділікке итермелейді. Жастардың осыған көбірек бейімділігі бүгінгі күні қоғамды алаңдатуда.

СНХ: АҚНҰР ТӨЛЕБАЕВА, ПРАКТИК-ПСИХОЛОГ: Ата-анасынан жыраққа кеткен студент өзін бірден тәуелсіз сезінеді. Бақылаудың жоқтығынан ойына келгенін істеуге тырысып бағады. Ал оның соңы өкінішке әкеліп соғатынын ол сол кезде қаперіне де ілмейді. Құмар ойынның арбауына ілігіп қалғанын соңына дейін мойындағысы келмейді. Мұндай студенттер тіркеуде тұр. Ең қиыны – сол адамды бұл мәселенің бар екенін мойындауға және түсінуге мәжбүрлеу. Бұл жағдайдан шығу үшін оған жәрдемдесудің жолын іздеуді қарастыру қажет.

РКС: Қазақстанда 400 мыңға жуық адам құмар ойынына тәуелділіктен зардап шегеді. Айта кетейік, көпшілігі оны жария етуден жасқанады. Сондықтан нақты санын дөп басып айту қиын. Ал құмар ойындарға тәуелділіктің жағымсыз салдары бәріне аян. Тұрғындар оның бірнешеуін атап өтті. Қаржылық жағынан тығырыққа тірелу, шаңырақтың шайқалуы, қылмысқа бару, тіпті өз-өзіне қол жұмсау деректері соңғы кездері жиіп кездесіп жүр.

БЛИЦ:

- Менің ойымша ата-аналар өз балаларына сол жағынан қарау керек. Себебі балалар ойындар ойнап, ақшаны құртады, жаман бұзылып, жаман жолға әкеледі.

- Бұл өте жаман іс деп ойлаймын. Өйткені осымен барлық ақша құртылады. Психиканы бұзады.

РКС: Ақмолалықтардың арасында құмар ойындарға тәуелділікке қатысты тіркеуде тұрғандар жоқ. Десе де, зиянды әдетке бой алдырмау, оның алдын алу бағытында түрлі шаралар өткізіліп келеді. Жастарды құмар ойындарға тәуелділік сынды келеңсіз құбылыстан қорғау – барша қоғамның міндеті.

 ЯНА КРЮЧЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ