ДИКТОР: Облыс әкімдігі мен бірнеше ірі кәсіпорын арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. «Алтыналмас» акционерлік қоғамы мен «Казцинк» компаниялар тобы өңірдің дамуына үлес қосу мақсатында қомақты қаржы бөлмек. Қоғамның игілігі үшін олар қандай жұмыстар атқарады? Тілші баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов кәсіпорындар әлеуметтік жобаларға қажетті қаржыны бөлуге дайын екендерін атап өтті. Аймақ басшысы төтенше жағдайлар мен су тасқынының салдарын жоюға ерекше назар аудару қажеттігін ескертті. Степногорск қаласын абаттандыру мәселесі де тасада қалмауы тиіс. Шаһарда аумағы 7 мың шаршы метр болатын заманауи спорттық стадионның құрылысын бастау жоспарланған. Жоба екі жылға межеленген.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Тұрғындардың спортпен шұғылдануына, мәдени-сауықтыру шараларын өткізуге ыңғайлы болуы үшін жасалатын дүние. Сондықтан құрылтайшыларға, акционерлік қоғамның басшыларына алғысымды білдіремін. Аймақ тұрғындары да ризашылықтарын жеткізеді деген ойдамын.

РКС: Жоспарда облыс орталығын абаттандыруды жүзеге асыру да бар. Қопа көлінің жағалауын нығайтуға байланысты жұмыстарды жүргізуге және автожол салуға 6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Қаржылай көмек көрсететін «Казцинк» компаниялар тобының еншілес ұйымы – «Аltyntau Kokshetаu» кәсіпорны.

СНХ: ИГОРЬ КОГАЙ, «ALTYNTAU KOKSHETАU» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАС ДРИЕКТОРЫ: Жолға қатысты алға қойған жоспарды орындауға дайынбыз әрі оны аяқтауға міндеттенеміз. Жоба жасалғаннан кейін сметаны тексеру басталады. Жоба қалай қолымызға тиеді, жұмысты бірден бастап кетеміз. Ешқандай мәселе туындамайды деп ойлаймын. Бәрін ойдағыдай атқарамыз.

РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов, бөлінген қаржының тиынына дейін халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс екенін айтты. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ақмолалықтардың өмірін ыңғайлы, жайлы әрі қауіпсіз етуге ұмтылуы шарт.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ