ДИКТОР: Жерлес спортшы Виктор Престель Қырғызстанның Ыстықкөл қаласында өткен Халықаралық турнирде 71 келі салмақта сынға түсіп «Алтын белдік» жеңіп алды.

РКС: Виктор Престель көп жылдан бері Муай Тай залында жаттығады. Спорттың Шығыс жекпе-жек өнері де оның жанына жақын. Білікті бапкер кешегі кеңес кезеңінде мықты боксшы болған Владимир Штанников 10 жылдан бері спорттың осы түрін жерлестерімізге үйретіп жүр.

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ ТІЛШІ: «Муай Таймен айналысушылар жаттығу алдында бидің бірнеше элементін жасайды».

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жыл басынан бері бірнеше жауапты жарыстарда чемпион атанған Виктор Престель оқу мен спортты қатар ұштастырып жүрген жастардың бірі. Ол негізінен білікті бапкерлер Кенжебек Құрмановпен Владимир Штанниковтың қарамағында жаттығады.

СНХ: ВИКТОР ПРЕСТЕЛЬ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ АЛТЫН БЕЛБЕУ ИЕГЕРІ: Мен Халықаралық жарыста бірнеше кездесу өткіздім. Ең қиыны финалда алаң иесі қырғыз спортшысымен болды. Бапкерлерім Кенжебек Құрмановпен Владимир Штанниковтың жаттығу кезіндегі ақыл кеңестері жеңіске жеткізді. Алда тағы бірнеше жарыс күтіп тұр. Соған дайындық жасап жатырмыз.

РКС: Муай Тай залында жазғы демалыс уақытында да жаттығу бір сәтке де босамайды. Жасөспірімдермен қатар ересектерде чемпион Виктор Престельмен бірге дайындалып жатқандарын мақтан етеді.

СНХ: МИСУНО ЛУНА, МУАЙ ТАЙШЫ: Мен бірнеше жылдан бері Владимир Штанниковтың қарамағында айналысып келемін. Жасым 43 келсе де жастармен бірге жаттығуды жаным жақсы көреді. Осы залда бізбен бірге кик бокстан әлемдік және халықаралық жарыстардың жеңімпазы Виктор Престель дайындалады. Оның әдіс айлаларын көзбен көріп жүзеге асырамыз.

РКС: Елімізге танымал кикбоксшы, Көкшетаудың көкбөрісі Виктор Престель кезекті жеңісінен кейін жаттығуларын жалғастырып жатыр. Оны алда байрақты бәсекелер күтіп тұр.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.