ДИКТОР: Бір жыл бұрын азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Бір жыл ішінде Ақмола облысында 10,5 мыңға жуық бала дүниеге келіп, 4 мыңға жуық жұптың некесі қиылды. Жылдық жұмыстарының қорытындысын шығарған мамандар қыруар іс атқарылғанын, алда әлі де үлкен міндет тұрғанын атап өтті.

РКС: Ақмола облысы бойынша филиалында азаматтық хал актілерін тіркейтін дербес 20 бөлім құрылды. 60-тан астам қызметкер еңбек етеді. Салтанатты түрде неке қию рәсімін тіркеу жұмыстары қайта жанданды. Бұл тәжірибе жастар арасында отбасы имиджін көтеруге бағытталған. Некені ресми түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде тіркеуге болады.

СНХ: ЕРЛАН ДАУЫЛБАЕВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 1-ші маусымнан бастап салтанатты түрде неке қию мәселелері. Соны қазір қолға алып жатырмыз. Салтанатты түрде неке қиюды 10 бөлімде 10 ауданда бастадық. Жылдың аяғына дейін барлық аудандарды, қалаларды осы функцияларды жүзеге асыратын болатынбыз. Неке қию салтанатты түрі мәселесі ол отбасылық құндылықтарын көтеруге бәрін шақырып, осы мәселеге көңіл аударып отырмыз.

РКС: Айта кетейік, биыл халықтың табиғи өсімі біршама артқан. 3200-дей азаматқа көбейді. 1-ші мамырдан денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп жеке сәйкестендіру номерін тағайындау, сондай-ақ туу туралы куәліктерді перзентханада табыстауға қатысты пилоттық жоба іске қосылды. Республика күні қарсаңында дүниеге келген балаларға туу туралы куәліктерді салтанатты түрде табыстау челленджі өтті. Отбасылық өмірдің ыстық-суығын бірге көріп, белгілі бір белесті бағындырған жұптар да елеусіз қалмайды. Атап айтқанда, отбасы күні мен Наурыз мерекесіне орай осындай мерекелік шаралар ұйымдастырылып тұрады.

ЯНА КРЮЧЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАҚ ТЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ