ДИКТОР: Көкшетау қаласының тұрғыны, волонтер - Анаргүл Мұшқанованы нағыз еңбек адамы десе болады. Бірнеше жылдан бері екі жерде тұрақты еңбек етіп жүрген ол, волентерлікпен де белсенді айналысуда. Жақында ол Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, су тасқынымен күреске белсене атсалысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

РКС: Анаргүл Мұшқанова Омбы облысының тумасы. Спортшы, армреслингтен бірнеше жарыстың жеңімпазы. Омбыда жоғары оқу орнын тәмамдаған. Волонтерлік жұмыспен мектепте, университте жүргенде айналыса бастады. 2006-шы жылы Көкшетауға қоныс аударады. Алғашқы жылдары тұрақты жұмыс таба алмай, баспанасы болмай Зеренді жаяжайын мекен еткен. Көп қиындықты бастан кешсем де көмекке мұқтаж жанға қолұшын созуды ешқашан естен шығармадым дейді ол. Анаргүлдің 2008 жылы қызы өмірге келді. Соңғы 14 жылдан бері қан орталығында санитар, медициналық айықтырғышта да жұмыс істейді. Волонтерлікпен 7 жылдан бері айналысуда.

СНХ: АНАРГҮЛ МҰШҚАНОВА, ВОЛОНТЕР: Су тасқыны кезінде Көкшетауда штаб құрылды. Жамбыл облысынан көмекке сарбаздар келді. Жап жас жігіттер. Ол кезде Ораза уақыты болатын. Күнұзақ белуардан су кешіп, суық суда жүрген балаларды аядық. Кешкісін ауызашарда және сәресінде ыстық тамақ ішсін деп оларға далада тамақ пісірдік. Самауыр қайнатып, тамақтандырдық. Көкшетауда 8 күн жұмыс істедік, кейін Жақсы ауданына бардық. Ол жерде де бірнеше күн еңбектендік. Халықтың ауызбірлігін көрдік.

РКС: Анаргүл Мұшқанованың қызы Дилназ анасының Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауына шақырылғанын естігенде ерекше әсерде болдым,-дейді.

СНХ: ДИЛНАЗ МҰШҚАНОВА, ҚЫЗЫ: Ерте ме кеш пе сондай жоғары марапат алатынын білдім. Мен анаммен мақтанамын. Ол үнемі жұмыста, қазір екі жерде еңбек етіп жүр. Одан басқа волотерлықпен айналысады. Мысалы жоғалған адамдарды іздейді, үй-күйі жоқ адамдарға ыстық тамақ береді. Жағдайы төмен отбасыларға тамақ салынған корзиналар апарады. Төтенше жағдай болған уақытта анам үнемі сыртта жүрді. Ол үйде болмады деп мен ренжіген жоқпын. Өйткені жасалған жақсылық еселеніп қайтады. Мен керісінше анама көмектесемін.

РКС: Еңбек адамы Анаргүл Мұшқанова қандай жағдай болса да жұмыстан қашпаймын. Өйткені адам еңбегімен көрікті, қадірлі, сыйлы болмақ,-дейді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ