ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тариф белгілеудің ашықтығын және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында табиғи монополияларды тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануына бақылауды күшейтті. Нәтижесінде тарифтердің жоспарланып отырған өзгерістерін жария талқылауды және халықпен кері байланыстың тиімді тетіктерін енгізуге бағытталған ережелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Сондай-ақ, Ұлттық Экономика министрлігі жанынан консультативтік-кеңесші орган ретінде тарифтік саясат жөніндегі институт ашылды.

РКС: Бекітілген заңнамада тарифке өтінімді электронды форматта тек «Монополист» базасы арқылы қабылданатыны туралы айтылған. Сондай-ақ, монополиялар субъектілері бұрын тұтынушылардың алдында жылына 1 рет жария есеп берсе, енді жарты жылда 1 ретке ауыстырылды және мамыр айына дейін есеп беру міндеттелді. Былтыр есеп беру кезінде тарифтік сметалардың және инвестициялық бағдарламалардың 1,5 миллиард теңгеден астам қаражат игерілмегені анықталды.

СНХ: АСЫЛБЕК ҚУАНДЫҚҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Инвестициялық бағдарламалардың тарифтiк сметаларының орындалмауы бойынша анықталған сомалар тұтынушыға уақытша өтемдiк тарифтер, не тарифтiң кiрiс бөлiгiнен ұсынылған өсiмдi төмендетілген бағамен алу жолымен қайтарылады. Биыл Департаментке 70-ке жуық субъектіден тарифтік сметалардың орындалуына қатысты 160-қа жуық есеп берілді. Бүгінде «Көкшетау Жылу» инвестициялық бағдарламасына байланысты 1 миллиард теңгеден астам тарифтік сметасының орындалмағаны анықталды. Осының негізінде 2024 жылға жылумен жабдықтаудың орташа тарифі бір гигокаллорияға 4 мың теңгеден астам соманы құрады. Қолданыстағы тарифтен 940 теңгеге арзандатылды.

РКС: Биылғы жылу беру маусмымы кезеңінде тұтынушыларға 34 миллион теңгеге жуық қаражат қайтарылды. Айта кетейік, облыс аумағында электрмен жабдықтау желілерінің 70 процентке жуығы тозған. Тең жартысы жарамсыз. Осыған байланысты, "Инвестицияларға айырбастау тарифі" саясатын орындау мақсатында биыл 3 миллиард теңгеден артық қаражат бөлінді.

СНХ: АСЫЛБЕК ҚУАНДЫҚҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Биыл жалпы жөндеу науқанын іске асыруға арналған инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 14 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл 2 мың шақырымнан астам желіге жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді. Жөнделетін желілерді қызыл, сары және жасыл аймақтарға бөлсек, қызыл аймақтағы желілердің 67, сарыдағының аумағы 2 мың шақырымнан асады. Ал жасыл аймақта 15 шақырым желіге жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

РКС: Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігі 11 ақпаннан бастап жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша тұтынудың әлеуметтік нормаларында да өзгерістер бар. Жоғары тарифтерді қолдану тұрғын үй алаңы мен тұтыну көлеміне байланысты болады. Айта кетейік, «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту көзделген.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ