ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төралығымен өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты отырысында көтерілген басты тақырыптардың бірі-мемлекеттік тіл. Онда өзекті мәселелер қозғалып, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін күшейту және қолданыс аясын кеңейту тапсырылған. Тапсырманы орындау мақсатында, Көкшетау қаласында «Тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу мәселелері» атты республикалық семинар өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен ғалымдар, қазақ тілін жетік меңгерген этнос өкілдері мен тіл мәселесіне жауапты басқарма басшылары қатысты. Семинар басталмас бұрын келген қонақтарға «Ұлттық құндылықтар-рухани серпіліс бастауы» атты интерактивті көрме ұсынылды.
ИНТЕРШУМ:
РСК: Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты жүзеге асырылуда. Семинар қатысушыларының назарына түрлі сала мамандарының мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне, өздігінен оқып-үйренулеріне арналған ІТ-өнімдер ұсынылды.
СНХ: ГАЙНЕЛЬ ДҮЙСЕНБАЕВА, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ: Біз жаңа барлық тілдерді оқыту орталықтарының әдістемелік өнімдерімен таныстырдық көрермеде. Ақмола облысында 20-дан астам тілдерді оқыту орталығы бар. Біздің негізгі жұмысымыз мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарына қазақ тілін үйретеміз. Жасанды интеллект немесе онлаин сервис арқылы оқытатын барлық әдәс-тәсілдермен таныстырдық. Оның ішінде Joyteka(джойтэка), word wall (уорд уолл) сияқты бағдарламалады кеңінен қолданамыз.
РСК: Қазақ тіліндегі дыбыстық хабарламаны танып қана қоймай, мәтінге айналдыратын «Теле бот» ойлап тапқан профессор Өркен Мамырбаев жасанды интеллект жүйесін одан әрі дамытуда. Аталған жүйенің бірнеше ұтымды тұстары бар. Айталық, бір мезетте бірнеше тілдегі аудио жазбаны мәтінге айналдыра алады, одан қалды, аймақтық диалектіге байланысты сөйлеушінің қай өңірден екенін анықтайды. Бүгінде бұл ботты 15 мыңнан астам азамат қолданады.
СНХ: ӨРКЕН МАМЫРБАЕВ, АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ИНСТИТУТЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жасанды интеллект бағытында өзіміздің тілдік корпустарымызды құрып жатырмыз және соған жасанды интеллектті оқытып жатырмыз. Әртүрлі ұйымдарды автоматтандыруға кірісіп жатырмыз. Ең бірінші біздің жаңалығымыз қазақ тілінде жауап беретін, синтездейтін чат боттар болды. Осы жүйелерді жұмыс жасау үшін үлкен ғылыми зерттеулер мен үлкен еңбектер жазылды.Сонымен қатар агро және медицина саласымен де тығыз байланыс орнаттық. Бүгінде бұл бағытта біздің институтта 100-ден аса маман жұмыс істейді.
РСК: Семинарда мемлекеттік тілді ғылым тілі ретінде дамыту аясында ұшқыр ойлар мен құнды пікірлер ортаға салынды. Креативті индустрия саласында мемлекеттік тілдің дамуына ауқымды үлес қосып жүргендердің бірі Мақпал Жұмабай. «Ozge Epic» шығармашылық жобасының авторы «Қоғамды өнер арқылы өзгерту» тақырыбында сөз қозғады.
СНХ: МАҚПАЛ ЖҰМАБАЙ, «ТІЛ ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Атап өту керек бізде дәстүрлі қазақ музыкасын насихаттайтын «Жауһар» жобасы бар. Бұл жоба бойынша Қазақстандағы дәстүрлі ән, жыр, күй мектептерінің бәрі цифрланады. Дәл қазіргі кезде Маңғыстау өңірінің жыршыларынан құралған 10 альбом жарық көрген. Бұл жерде біздің мақсатымыз қазіргі заманға сай сапалы түсірілім элементтері дыбыс, аудио, видеоны пайдалана отырып, жастардың дәстүрлі ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру Мұқағали Мақатаев ақын айтқандай "Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарамын" демекші заманауи келбетке келтіріп, оны біз жас ұрпаққа қайтарамыз. Біздің тіліміз ол жастардың тілі. Жастар бізді көреді, сондықтан да біздің тәжірибемізді қолдана отырып, дәстүрлі қазақ мәдениетін дамыту оңтайлы жол деп санаймыз.
РСК: Бүгінде бұл орталық еліміздің Астана, Алматы және Түркістан қалаларында оффлайн түрде жұмыс істейді. Жылдың соңында Орал қаласында да «Ozge Epic» шығармашылық орталығы ашылмақ. Семинарға мемлекеттік тілдің ұлттық құндылығы мен мәртебесін арттыру тақырыптары да арқау болды. Сондай-ақ, нанотехнологияның ғылыми зерттеушісі Алтынбек Мұратұлы АҚШ-тың Бостон қаласынан онлайн режимде тікелей эфирге шығып, бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтты. Ал, шара соңында өңірдегі мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жатқан сала мамандары Құрмет грамотасымен марапатталды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ